Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңсыз иемденген мүліктің сұрауы бар - АРҚА АЖАРЫ

Заңсыз иемденген мүліктің сұрауы бар

Иемдену және талан-таражға салу – кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру. Бұл қылмыстың ерекшелігі – ұрланған мүліктің лауазымдық немесе қызметтік жағдайына байланысты осы мүлікті пайдалануға құқығы бар адамның иелігінде немесе басқаруында болуы.

Мүлікті иемденудің ең көп таралған мысалы – қызметтік машинаның жүргізушісінің жанармайды төгуі және сатуы. Яғни, біраз уақытқа мүлік, атап айтқанда жанармай жүргізушіге сеніп тапсырылды. Ол оған заңды түрде иелік етті, бірақ ол заңсыз – оны қызметтік көлікте пайдаланудың орнына, оны төгіп, өз қалауы бойынша пайдаланып, яғни, ұрлап кетті.

Талан-таражға салу деп сеніп тапсырылған мүлікті осы мүлікті жұмсау немесе басқа адамдарға беру арқылы меншік иесінің келісімінсіз беруді білдіреді. Мүлікті басқа адамдардың пайдасына беру де қылмыс болып саналатынын ескеріңіз.

Мысалы, кәсіпорынның бухгалтері ақша қаражаттарын бір күндік компанияға әдейі аударды. Алайда, бұл компания ешқандай жұмыс жасамаған, ал ақша қаражаттары жоғалып кеткен. Көптеген адамдар егер бухгалтердің кейінірек осы мәміледен ақша алғаны дәлелденбесе, онда бұл қылмыс болып саналмайды деп қателеседі. Бұл іс жүзінде олай емес.

Тергеуге ақшаны қадағалап отырудың қажеті жоқ, мүлік немесе ақша басқа адамдардың пайдасына берілгені жеткілікті болады. Иемдену мен талан-таражға салу бір-бірімен тығыз байланысты және көбінесе бірінен соң бірі жүреді және екеуі де Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.

Прокуратура органдары азаматтарды  аталған  қылмыс түрлеріне жол бермеуге шақырады, себебі оны жасағаны  үшін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы көзделген.

Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар