Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетау - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетау

Тарихымен тамсандырған Көкшетау,
Сал-серіге ән салдырған Көкшетау.
Талайлардың жаулап алған жүрегін,
Арайланып әсемденген Көкшетау.

Алыс-жақын қазақтардың барлығын,
Саясына топтастырған Көкшетау.
Алты Алашқа аты мәлім қазақтың,
Ордасысың жырға толы Көкшетау.

Кербез Көкше, әсем сенің тауыңда,
Орманың да, жасыл желек бағың да.
Баурайыңда гүл бүлдірген жайқалған,
Жас балалар сайран қағар сайыңда.

Небір дүлдүл туып-өскен далаңда,
Жырлап кеткен мөлдір бұлақ тасында.
Ақан сері, Біржан сал мен Ыбырай,
Күйін шертіп ән арнаған қыздарға.

Гәккуімен елді-жерді шарлаған,
Махаббатты әніменен жалғаған.
Отты жүрек, ойнақы көз сымбатты,
Үкілі Ыбырай қыз жүрегін жаулаған.

Адал еді Ақан жүрген жолдары,
Құлагерін қаншама жыл жоқтады.
Нағыз серік қасындағы тұлпарға,
Аянышты жоқтау әнін арнады.

Жігіттердің төресі болған айбарлы,
Сөздері анық, көздері өткір айбатты.
Қыз біткен ғашық болмай қоймайтын,
Біржан сал айбозым еді қайратты.

Қазағымды күллі жұртқа танытқан,
Сегіз қырлы, ат сырына қаныққан.
Арқаның сұлу Көкшесінде ер жеткен,
Балуан Шолақ білегімен танылған.

Қалың халық мұң-мұқтажын айтқанда,
Хан-сұлтанды тақ үстінде тыңдаған.
Айбарлы хан Абылайлар тұрғанда,
Бейбіт күннің шам-шырағы тұтанған.

Білекті хандар мекен еткен бауыңда,
Табиғаты там-тамаша бағыңда.
Батырларың қазағым деп  жан берген,
Дәл бүгінгі азат күннің бағына.

Қалап еді жарық күнін аспанның,
Арман етті тәуелсіз ел жастарын.
Тайсалмайтын ерік-жігер арқасында,
Бейбіт күннің жас ұрпағы атандым.

Көкше жері тарих толы қазына,
Келші  досым, Бурабайға асыға
Сұлу, сырлы кереметін байқарсың,
Сөйлейді оның шежіре боп тасы да!..

 

Лаура ҚАЛМАХАНҚЫЗЫ,
Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау университетінің студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар