Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2050 жылға қарай климаттық мигранттардың саны 1,2 млрд-қа жетуі мүмкін - АРҚА АЖАРЫ

2050 жылға қарай климаттық мигранттардың саны 1,2 млрд-қа жетуі мүмкін

Дубайда өткен COP-28 халықаралық климат форумы аясында «Өзбекстан» павильонында «Климаттық мигранттар, тәуекелдер және бейімделу» тақырыбында панельдік сессия өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Өзбекстан Экология министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, шараның мақсаты — климат өзгерген жағдайда тәуекелдер мен көші-қонға қатысты тәжірибе алмасу үшін Орталық Азия елдерінің мүдделі органдарын бірлесе жұмыс істеуге шақыру.

Өзбекстанның Экология министрі Азиз Абдухакимов климаттың өзгеруі салдарынан әлем елдері үшін бірқатар мәселе туындап отырғанын атап өтті.

Климат және өзге де себептерге байланысты дүниежүзі халқының жартысына жуығы су тапшылығына ұшырайды.

«Тиісінше олар өз аумағынан кете бастайды. Соңғы зерттеулерге сәйкес, климаттық мигранттардың саны 2050 жылға қарай 1,2 миллиардқа жетуі мүмкін», — деп тоқталды министр.

Зерттеу көрсеткендей, соңғы 50-60 жыл ішінде климаттың өзгеруі салдарынан Орталық Азиядағы мұздықтардың 30 пайызы еріді.

Соңғы бірнеше онжылдықта орташа жылдық температура 1,5 градусқа өсті.

Қоса кетсек, бұған дейін Өзбекстанда зиянды шығарындыларды есепке алу жөніндегі ұлттық реестр құрылатынын жазып едік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар