Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атқарылып жатқан барлық жұмыстар – халық игілігі үшін - АРҚА АЖАРЫ

Атқарылып жатқан барлық жұмыстар – халық игілігі үшін

2023 жылдың 6 желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз конференциясы болып өтті.

Конференцияда облыс әкімі республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа арнаған биылғы Жолдауында алға қойылған міндеттерді Ақмола облысында іске асыру жолында атқарылып жатқан жан-жақты жұмыстарға кеңінен тоқталып, журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Мемлекет басшысының Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі әлеуметтік-саяси реформаларын қызу қолдаған Ақмола облысының тұрғындары қоғамдағы ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтауды өздерінің басты парыздары санап, ел игілігін еселей түсуде сенім биігінен көрініп келеді. Астаналық облыс мәртебесі де көп жауапкершілік жүктейтін облыста қай салада болсын, қол жеткен жетістіктер өзінің толымдылығымен ерекшеленеді. Айталық, аймақтың дамуы мен өркендеуін айғақтайтын көптеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша Ақмола облысы республикамызда жетекші орындарға ие.

Соның ішінде облысымызда елімізде алынатын барлық астықтың төрттен бірі өндірілетінін атап өткен аймақ басшысы биылғы қолайсыз ауа райының жылдағыдай мол өнімге мүмкіндік бермегенінің өзінде 3 миллион тоннадан астам ырыздық дәні жиналғанына, Үкімет тарапынан қуаңшылықтан зардап шеккен фермерлерге қажетті қолдау көрсетілгеніне биылғы ауыр жылдың бір оң нышаны ретінде ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ, мал шаруашылығын өрге бастырған облыс құс етін өндіруде де еліміз бойынша көшбасшылардың біріне айналуда.

Осындай толымды жұмыс нәтижелері облысқа инвестиция тарту, тұрғын үй құрылысын жүргізу, өңдеу және тау-кен өндірісін дамыту, тағы басқа салаларда да бар.

Ал, алда тұрған іргелі міндеттер туралы айтылғанда, әңгіме Президенттің агроөнеркәсіп кешенінде өңделетін өнімдер үлесін 70 пайызға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы, облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, Көкшетау қаласындағы көпшілікті толғандырып отырған жылу-электр орталығының құрылысы, елорданың іргесіндегі елді мекендердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін  шешу сияқты  проблемалар тұрғысында өрбіді. Бір жағынан Үкіметпен пысықталып, екінші жағынан жергілікті жердің өз күш-пәрмені де бағытталып жатқан бұл жайлар брифингке қатысқан журналистер тарапынан да қозғалып, тиісті мағлұматтар берілді.

Облыс әкімі Марат Ахметжановтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі іскерлік және түсіністік жағдайында өткен брифингінің толық есебі газетіміздің келесі санында жарияланатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар