Степногорск. Жылумен қамту нысандары қалыпты жұмыс істеп тұр

Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында 3 энергетикалық қазандық пен 1 ​​ыстық су қазандығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Температуралық режим қалпына келтірілді. Барлық тұрғын үй қоры жылумен қамтамасыз етілген.

–Ауа температурасының 35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты қалалық әкімдік тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін жедел штаб жұмысын одан әрі жалғастырады. Онда жұмыс топтары құрылған. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуге ауыстырылды. Штаб құрамына әкімдік, төтенше жағдайлар, ЖПҚ, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен еріктілер кірді, – деді Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржанов.

Энергетикалық мекемелердің қызметкерлері үй ішіндегі жылу жүйесінде ақаулары бар үйлердің бар-жоғын анықтау үшін қалалық жылу жүйелеріне мониторинг жүргізуде. Осыған байланысты үйлерінде  ішкі жылу жүйесіне қатысты ақауы бар азаматтардан тез арада осы мәселені шешу үшін ҚСК-ға ақпарат беру сұралады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар