Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
БАҚ және ұлтаралық келісім мәселелері - АРҚА АЖАРЫ

БАҚ және ұлтаралық келісім мәселелері

Жуырда Достық үйінде Журналистер клубының мүшелері жыл бойы атқарылған жұмыстарын қорытындылап, алдағы жылдың міндет-мақсаттарын айқындады.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының құрамына республикалық, облыстық, қалалық, аудандық газеттер мен теледидардың 17 өкілі кіреді. Журналистер клубы Ассамблеяның этносаралық қатынастар саласындағы қызметін баспа және электрондық БАҚ-та насихаттау және жариялау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Отырысты басқарған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сабырхан Кенжебаев журналистер клубының объективті ақпарат беру барысына ықпал ететін салмақты орган және диалог алаңы екенін, бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамды қалыптастыруда ерекше миссиясы барын атап өтті. Сондай-ақ, отырысқа облыстық, аудандық газеттер мен телеарналардың редакторлары мен тілшілері қатысып, қоғамдық санада келісімді, рухани-адамгершілік құндылықтарды және қазақстандықтардың жалпыұлттық мұраттарын нығайту мен сақтаудың құндылықтарын насихаттайтын, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтетін және оның этносаралық коммуникация тілі ретіндегі қоғамдық маңыздылығын арттыратын оң ақпараттық өнімдерді  және қызықты контенттің шығуын қамтамасыз ету туралы өз ойларымен бөлісті.

Жыл басынан клуб мүшелерінің үш отырысы ұйымдастырылып, біріншісінде ағымдағы жылға жұмыс жоспары пысықталса, соның алғашқы қорытындылары осы отырыста талқыланды. Атап өтсек, жыл басынан бері баспасөз беттерінде 300-ден астам материал жарияланған. Оған қоса, облыстық теледидарда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының, оның қоғамдық құрылымдарының, этномәдени бірлестіктерінің қызметі туралы екі тілде 40-тан астам сюжет жарық көрген. Бұл жұмыстарда белгілі тележурналист Ермек Елбергенов үлкен көмек көрсетіп келген. Айта кететін жағымды тұсы, еліміздің баспасөз құралдарының бетке ұстар басылымдары «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правданың» Ақмола облысы бойынша  меншікті тілшілері Байқал Байәділов мен Раушан Өтеулина да аталған басылымдарда Ассамблея жұмысының жағымды жақтарының жариялануына жол ашқан.

Сонымен бірге, клубтың редакторлық корпусы Светлана Ким, Гәкку Баишева, Олеся Жагпарова, Евгений Кимов, Елена Вергун қатарлы журналистер өздерінің барлық тәжірибесін, шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, өз басылымдарының беттерінде қоғамдық келісімді сақтау және ҚХА-ның қызметі туралы ақпаратты жан-жақты, сапалы жеткізуде айтарлықтай еңбек еткен. Жиын соңында этножурналистика саласындағы қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірлік тақырыбында материалдар жариялайтын журналистерді көтермелеу арқылы отандық журналистиканы дамытуға жәрдемдесу болып табылатын «Шаңырақ» байқауының қорытындысы бойынша әр номинациядағы жеңімпаздарды  марапаттау рәсімі өтті.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар