Отбасылық қарым-қатынас клубы жұмыс істейді

Отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың қажеттілігі ешқашан маңыздылығын жоймайды. Мектеп ұжымының оқушыларды тиімді оқытуының басты себебі – баланың отбасымен қаншалықты қарым-қатынас орнатқанына байланысты. Оқушының мінез-құлқы бала кезінен,  маңайындағы достары менжақындарымен қарым-қатынасы арқылы, ең бастысы, отбасындағы тәрбие дәстүрлері негізінде қалыптаса бастайды.

Отбасы баланың тәрбиесіне өте күшті әсер етеді. «Үйінде бақытты адам – ең бақытты жан»деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Көбінесе, ата-аналар баланың жас және жеке даму ерекшеліктерін жеткілікті білмей, оның маңыздылығына мән бермей, интуитивті түрде тәрбиелейді. Әдетте, бұдан оң нәтиже шыға бермейді.Сондықтан, әр баланың дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға, ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге қатысуын арттыру жолында  мұғалімдердің жұмыс істеуіне тура келеді, өйткені, оқушының толыққанды тәрбиесі тек отбасы мен мектептің өзара ықпалдаса жұмыс істеуінен қалыптасады.

Қоғам мектептерге қандай міндеттер қойса да, ата-аналардың көмек-қолдауынсыз, олардың өз балаларының тәрбиесіне деген қызығушылығы, олардың бойында педагогикалық және психологиялық білімі болмаса, тәрбие мен оқыту процесі қажетті нәтиже бермейді. Ал, ата-аналар оқушыларға тәрбие беру барысында мұғалімдердің белсенді көмекшісіне айналуы үшін оларды мектептің және сыныптыңқоғамдық-мәдени өміріне тарту қажет.

Балалар, ата-аналар және біз,педагогтар – бір ұжымның мүшесіміз. Бізді ортақ алаңдататын мәселелер біріктірсе, олардың шешімі өзара қарым-қатынас пен ықпалдасу нәтижесіне байланысты. Ынтымақтастықтың қажеттілігі мен ерекшеліктеріне байланысты осы жағдайлардың барлығын ескере отырып, біздің мектеп ата-аналардың, тәрбиешілер мен балалардың өзара іс-қимылының тиімді жолдарын, яғни, клубтық қызметті таңдады.Мектепте отбасылық қарым-қатынас клубын құру идеясы бірден пайда болған жоқ. Алдымен,ата-аналардың, балалар мен тәрбиешілердің жекелей сыныптардағы бір реттік тақырыптық кездесулері өткізілді. Бірте-бірте осы шығармашылық кездесулерді тұрақты түрде өткізуге ниет білдірген ең белсенді отбасылар мен мұғалімдер пайда болды. Содан біздің мектепте «Даналық мектебі» отбасылық клубы ашылды.

Біз барлық жұмысты оқушыларымыздың қызығушылықтарын ескере отырып ұйымдастырамыз, бұл олардың шығармашылық дамуларына жағдай жасайды, құрдастарымен, ата-аналарымен  қарым-қатынас орнатуға, өздерін танытуға, мойындатуға, өздерінің мүмкіншілігін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл клубқа қатысу балалар мен ата-аналардың демалуына жағдай туғызып, шығармашылық дамуларына жол ашады. Әрине, мектепте тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін осы бірлестіктің мүмкіндіктеріпайдаланылады.

Біздің клуб мектеп ұжымының кез-келген мүшесіне қолжетімді, еркін түрде және демократиялық үрдіске негізделген. Біздің барлық қызметіміз белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге емес, клуб қатысушыларына тәрбие мен білім жағынан болсын, шығармашылық даму тұрғысынан болсын, пайда әкелуға бағытталған. Мұнда әркімнің өзінің шығармашылығын көрсетуіне мүмкіндігі бар және бұл балалар мен ата-аналардың клубқа келуінің ең маңызды шарты. Клубқа қатысу әсіресе жасөспірімдерге қажет. Себебі, олар клубта өздеріне пайдалы істер тауып, өздеріндәлелдеп, өзін өзгелермен тең сезіне алады. Бұл жастарға өзінің даму процесін ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Отбасы мен мектеп – болашақтың бастауында тұрған екі қоғамдық институт. Біз өз еліміздің патриоттары ретінде ата-аналарға осы болашақты жарқын және ізгілікті ету үшін көмектесуіміз керек.

Наталья ЕРМОШИНА,
Полтавка жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар