Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшы қаласындағы «Алтын-Қазық» компаниясы еліміз бойынша үздік шықты - АРҚА АЖАРЫ

Қосшы қаласындағы «Алтын-Қазық» компаниясы еліміз бойынша үздік шықты

Астанада Президенттің «Алтын Сапа» сыйлығын кәсіпкерлерге табыстау рәсімі өтіп, онда «Алтын-Қазық» компаниясы беделді марапатқөа ие болды.

Сапа саласындағы сыйлық 4 номинация бойынша берілді: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халық үшін тауар өндіретін үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін үздік кәсіпорын».
Осы жылы «Алтын Сапа» сыйлығына 221 компания өтінім берді. Нәтижесінде дипломдар, конкурс эмблемалары мен ақшалай сыйақы алған 14 лауреат қана іріктелді. Бұл марапат оларды болашақта өнім мен қызмет сапасы бойынша ТМД байқауына қатысуға ынталандырады.

Ақмола облысының Қосшы қаласынан «Алтын-Қазық» компаниясы» ЖШС «Тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша беделді сыйлықтың лауреаты атанды.
2006 жылы құрылған кәсіпорын ірі қара, жылқы және қой етін өндіріп, өңдейді. Бастапқыда осы кезеңде 2000-ға дейін ірі қара, 500-ге дейін қой-ешкі және 200-ге дейін жылқы ұстауға мүмкіндік беретін алаң құрылды. 2018 жылы компания барлық орынжайды толық қайта құруды бастады, қолданыстағы сою пункті автоматтандырылған сою-ет өңдеу кешеніне айналдырылды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 36 мың тоннаға жетеді, тәуліктік өнімділігі шамамен 100 тонна.

«Алтын-Қазық» компаниясы ЖШС-нің барлық өнімі «Халал» стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификатталған, оларды сақтау міндетті саналады, барлық өнімдер «Халал» сәйкестік белгісімен белгіленеді.
2022 жылы компания Сауд Арабиясына қой мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне алғашқылардың бірі болып кірді.

–Мен және біздің бүкіл команда үшін осындай беделді марапатты алу – үлкен құрмет. Біз бұған жету үшін өте ұзақ және қиын жолдан өттік. Өткен жылы қатысуға өтініш бердік, бірақ, нәтиже шықпады. Алайда, бұл бізді тоқтатпады. Керісінше, жеңіске жету жолында жұмылуға, бірлесуге қосымша мотивация болды. Бұл – біз үшін жылдың маңызды, лайықты аяқталуы. Осындай жоғары баға бізді  жаңа жеңістерге жетуге талпындырады. Мұның өзі одан әрі ілгерілеу мен дамудың жаңа кезеңі, – деп атап өтті «Алтын-Қазық» компаниясы» ЖШС Бас директоры Айдар Нығметов.

«Алтын сапа» Президентінің сыйлығын алуға Ақмоланың тағы екі компаниясы қатысты. Атап айтқанда, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары – «Азия фильтр» ЖШС (Бурабай ауданы) және «SG BRICK» ЖШС (Аршалы ауданы) өтінім берген болатын.

«Азия фильтр» ЖШС – сүзу индустриясындағы көшбасшы, бүгінде Қазақстанның барлық ірі кәсіпорнын өз өндірісінің сүзгілерімен қамтамасыз етеді.
«SG BRICK» ЖШС болса, Орталық Азия елдеріндегі дайын өнім шығару көлемі жылына 120 миллион данаға жетіп отырған жалғыз зауыт. Өндіріс үшін табиғи газ салқындатқыш ретінде пайдаланылады, жылдық қажеттілік 18 миллион текше метрді құрайды.

–Бүгінгі жеңіс Ақмола өндірушілерінің әлеуетін тағы да көрсетті. Жылдан-жылға біздің компаниялар түрлі байқауларға қатыса отырып, өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді. «Алтын-Қазық» компаниясы» ЖШС-нің Президенттің «Алтын Сапа» сыйлығын алуы оған үлкен перспективалар береді. Басты артықшылықтардың бірі – жергілікті өнімді елден тыс жерлерге ілгерілету, өндірістің сапалы жаңа деңгейіне көшу, – деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар