Отбасымыздың тірегі, еліміздің зиялы тұлғасы санатындағы белгілі азамат, ардақты әкеміз, адал жар, немерелерінің атасы, шөберелерінің ұлы атасы, қарымды қаламгер, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ардагері, запастағы полковник, бауырларына қамқоршы да жанашыр Амантай Ғазизұлы Кәкеннің қайтыс болуына байланысты басымызға түскен ауыр қайғымызға ортақтасып, жерлеуді ұйымдастыруға ат салысқан ағайын-туыс, көршілерге, әріптес жора-жолдастарына, астаналық қаламгерлерге, «Арқа ажары» газетінің ұжымына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагерлер ұйымына отбасымыздың атынан өзі шығармашылық еңбек жолын бастаған сүйікті басылымы арқылы зор алғысымызды білдіріп, рахмет айтамыз. Әрқашан Алла тағала өздеріңізге жар болып, тек қана жақсылық, қызық-қуаныш көрулеріңізге жазсын!
Құрметпен, Амантай Кәкеннің отбасы мүшелері.