Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық сотының судьясы Мирас Сатыбалдин, Ақмола облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Найля Нұралыева Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде қаралатын тұрғын үй және жер даулары туралы айтып берді.
Елімізде әрбір азаматты баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады. Осыған байланысты қоныстануға негіз болып табылатын құжаттарды, азаматты қоныстандыру кезеңінде тұрғын үй қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын, отбасының басқа мүшелерінен тұрғын үйге деген қажеттілікті ескеру қажет. Мамандар өз саласының статистикасын бақылау үшін соңғы 2,5 жылдағы деректерді салыстырды. Бұл жөнінде Мирас Сатыбалдин баяндап берді.
−2021 жылдың екінші жартыжылдығында осындай 26 іс, 2022 жылы 87 іс, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 31 іс келіп түсті. Осы уақытқа дейін есепке қою және есептен шығару үшін нақты критерийлердің болуына қарамастан, әкімшілік органдар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол береді, −деді өз сөзінде спикер.
Судьяның айтуынша, Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 2021 жылғы 29 желтоқсанда мемлекеттен жетім бала ретінде кезекте тұрған А есімді адамды тұрғын үй алу есебінен шығарғаны анықталды. Нақтырақ айтқанда, есептен шығарудың бастамашысы Шортанды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі болды. Сонымен қатар, Шортанды ауданының әкімшілік органы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73-бабының 1-тармағында бекітілген тұрғын үйді алғанға дейін бұрын тұрғын үйге мұқтаж деп танылған А есімді адамды халықтың әлеуметтік осал топтарының есепке қойылған санаттары есебінен шығаруға жатпайтынын ескермеген.
Басқа іс бойынша сот Көкшетау қаласының тұрғын үй комиссиясы жетім бала ретінде кезекте тұрған Я есімді адамды кезегінен заңсыз шығарғанын мойындады. Жергілікті атқарушы орган талапкер неке қиюды тіркегенге дейін жұбайында пәтердің болуын ескермеуге тиіс еді, онда соңғысының үлесі елу пайыздан аспайды.
Жер даулары да назар аударуды талап етеді. Брифинг барысында Найля Нұралыева жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен осы санат бойынша ең көп істер қаралғанын айтты.
− 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында жер даулары бойынша 89 іс келіп түсті. Істердің осы санаты бойынша жеке тұлғалар да, бизнес субъектілері де негізінен, қала және аудан әкімдеріне, жер қатынастары және сәулет бөлімдеріне, ауылдық округ әкімдеріне шағымданды. Дегенмен, аталған санаттағы істер бойынша шағымдарды қанағаттандыру тұрақты сипат алған. Биылғы жылы ол 43 пайызды құрады, − деп атап өтті алқа төрайымы.
Сонымен бірге, әкімшілік актінің күшін жою туралы істердің көпшілігінде сот арызданушылардың ауыл шаруашылығы жерлерін беру жөніндегі конкурстардың қорытындыларын жою және әр түрлі деңгейдегі әкімдердің жер учаскелерін беру және жер пайдалану құқығын ұзарту туралы актілеріне дау айту туралы талаптарына сілтеме жасады. Яғни, бұл жергілікті атқарушы органдардың жол берілетін бұзушылықтарды қалыптасқан сот практикасын ескере отырып, талдамайтындығын көрсетеді.
Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.