Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алаяқтар жауапқа тартылды - АРҚА АЖАРЫ

Алаяқтар жауапқа тартылды

2023 жылдың жазында Көкшетау қаласында 19-20 жастағы екі жас жігіт – «К.» және «О.» «Телеграмм» мобильді қосымшасы арқылы белгісіз адаммен танысып, егде жастағы адамдарды алдап, алаяқтық әрекеттер жасаған.

«К.» және «О.» белгісіз адамның тапсырмаларын орындай отырып, туыстары апатқа ұшырағанын және оларды қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша қажет деп жалған хабарланған адамдардан ақшаларын алып отырған. Алаңдаған адамдар қолда бар ақшаларын такси жүргізушілері арқылы беріп жіберген. Сотталушылар ол ақшаларды берілген банктік шоттарға аударып, келісілген соманың бөлігін өздеріне қалдырып отырған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде үш адамға зиян келтірілді. Сотқа жәбірленушілер азаматтық талап арызбен жүгінген жоқ.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, банк шоттарынан үзінді көшірмелерімен, сотталғандардың өздері мойындаған айғақтарымен расталды.

Жаза тағайындауда сот жәбірленушілердің кінәлілерге қоғамнан оқшауланбай жаза тағайындауды өтінгенін, кінәні жеңілдететін мән-жайлардың болуын, олардың жасын, отбасылық жағдайын және жасалған әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін ескерді.

Сот үкімімен «К.» және «О.» алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында бірнеше рет алаяқтық жасағандары үшін (ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы) кінәлі деп танылды және әрқайсысына 3 жылға бас бостандығынан айыру үкімі тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар