Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясы өтті. Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов хабарлағанындай, сессияға 32 депутаттан 28 адам келді.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша жұмыс комиссиясының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Умар Шоназаров Ақмола облыстық сайлау комиссиясының сайлануы туралы хабардар етті. Нәтижесінде депутаттар Алма Бекентаева, Әсия Көштаева, Қадырғазы Мамилин, Игорь Немешов, Шынар Омарова, Николай Политкин, Манарбек Сәдуов кіретін жеті адамнан тұратын құрам бекітілді.
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелерін қызметтен босату туралы ведомство басшысы Қанат Есмағамбетов баяндады және босатылған лауазымдарға екі кандидатураны ұсынды. Депутаттар Әсел Әбдірахманова мен Мұрат Рахымжановтың кандидатураларына дауыс беріп, бекітті. Аталған мамандар өздерінің лауазымдық міндеттерін 2024 жылдың 16 қаңтарынан бастайды.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.