Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Целиноград ауданының бірқатар объектілеріне барды

Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Целиноград ауданы Өтеміс және Мәншүк ауылдарындағы әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешені объектілерін аралады.

Өңір басшысының бірінші сапарының объектісі Өтеміс ауылындағы орта мектеп болды.

Мектептің жобалық сыйымдылығы 120 орын, іс жүзінде 88 оқушы білім алуда. Оқыту қазақ тілінде жүргізіледі. Мектепте 19 пән кабинеті, спорт залы, асхана, медициналық кабинет бар.

Мектеп директоры Айгүл Қанапиянованың айтуынша жертөледегі құбырларды оқшаулау, т.б. жұмыстар жүргізу қажет.

«Барлық жұмысты тезірек аяқтап, ескертулерді түзету қажет. Бұрын ауылда мектеп болмаған. Бұл ауыл тұрғындары үшін маңызды», – деді облыс әкімі.

«Мәншүк MЭ» ЖШС-нің екі қабатты дүкен ғимараты 2022 жылы пайдалануға берілді. Ғимараттың жалпы ауданы шамамен 700 м2 құрайды.

Келесі кезекте облыс әкімі Мәншүк ауылындағы орта мектепте болып, 1964 жылы салынған үш қабатты мектептің ұстаздар қауымымен және жұмысшы ұжымымен кездесіп, оқу кабинеттерін аралады. Мектепте 114 оқушы бар.

Сапар соңында аймақ басшысы «Әдемау» балабақшасы мен 1000 бас ірі қараға арналған тауарлық-сүт фермасының құрылысын аралады.

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі ауыл еңбеккерлерінің арқасында мемлекеттік маңызды жобалар жүзеге асып, өңірдің экономикалық қуаты артып келе жатқан еңбектеріне оң бағасын берді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар