Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолымыз даңғыл болсын!   - АРҚА АЖАРЫ

Жолымыз даңғыл болсын!  

Ақмола облысы бойынша 2023 жылы 1 мың шақырымға жуық жол жөнделді. 2024 жылы 120 жол жобасын жүзеге асыру жоспарлап отыр!

Ақмола облысы нда 120 жол жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, Ақмола облысында 2023 жылы 1 мың шақырымға жуық жол жөнделсе, 2024 жылы 120 жол жобасын жүзеге асыру жоспарлап отыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстары елордаға іргелес ауылдардың, моно және шағын қалалардың, Щучье-Боровое курорттық аймағының, елді мекендердің көлік инфрақұрылымын дамытуға, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары және тағы басқаларын салу мен жөндеуге байланысты бірнеше бағдарламалар аясында жүргізілгені нақтыланды.

Облыстық басқармада атап өткендей, ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар жолдарды салу және жөндеу бойынша 120-дан астам жобаны көздейтін дәл осындай бағдарламаларды жүзеге асыру аясында облыстың жол желісінің жағдайын жақсарту жұмыстары жалғасады. Ақмола облысының елді мекендеріндегі жол желілерін салу және жөндеу бойынша жұмыстардың негізгі көлемі жалғасады.

– Щучинск – Степняк – Уәлиханов, Астана қаласының Шығыс айналма жолы – Сарыоба станциясы, Бабатай – Волгодновка – Береке – Бұлаксай, Жалтыр – Макинск, Жаңа Колутон – Ақкөл – Азат-Минское, Щучинск – Николаевка, Бурабай-Қатаркөл, Қорғалжын – Арықты-Сабынды, Жақсы – Державинск, Есіл – Свободное – Раздольное, Жолымбет – Шортанды – Пригородное және т.б сияқты автожолдардың маңызды учаскелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша ірі жобаларды жалғастыру жоспарланған, – деп хабарлады автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының орынбасары Александр Рублевский.

Бұрынғыдай жолдарды сапалы әрі уақтылы салу және жөндеу мәселесі тұрақты бақылауда болады, деп сендірді облыстық ведомствода.

Атап айтқанда, Ақмола облысындағы жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен 8 мың шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2,3 мың шақырым, облыстық маңызы бар  – 2,7 мың шақырым, аудандық маңызы бар – 3 мың шақырым.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар