Азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектеріне көңіл бөлді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов «AMANAT» партиясының аумақтық филиалында азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келгендердің өтініштері Көкшетау қаласының дамуына қатысты болғандықтан, оған қалалық мәслихаттың төрағасы Дастан Әкімов де шақырылды.

Қуаныш Халикова айыппұлын төлеуге материалдық көмек, жұмысқа орналасуға және тұрғын үй кезегін ілгерілетуге жәрдемдесуді сұрады. Қала тұрғынына заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.  Тұрғын үй мәселесі мен жұмысқа орналасуға қатысты депутаттық сауалдар жолданды.

Мүгедектігі бар Қаламқас Әленованың азық-түлік түріндегі материалдық көмек туралы өтініші оң шешімін тапты. Өз көмегін қалалық мәслихат төрағасы Д.Әкімов ұсынды.

Сарыарқа шағын ауданын абаттандыру бойынша бірқатар өзекті мәселелерді жақында мемлекеттік қордан баспана алған зейнеткер Рашида Қазбекова көтерді.  Облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов аумақты абаттандыру жобасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне сұрау жіберіп, жағдайды зерттейтінін айтты. Сонымен қатар, Бейбіт Айтымұлы атап өткеніндей, бұл аудан әлі салынып жатқандықтан, барлық жұмыстар аяқталғанға дейін әзірше уақытша тротуарлар жасаған жөн.  Бұл мәселе де жеке бақылауға алынды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар