Марат Ахметжанов: «Біздің іс-әрекетіміз халықтың сұранысына сай болуы керек»

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті, онда бірқатар өзекті мәселелерді талқыланды. Күн тәртібінде реформаларды жүзеге асыру және Мемлекет басшысының бірқатар бағдарламалық құжаттарын орындау, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, мемлекеттік институттарды дамыту және т.б. мәселелер қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы өз сөзінде еліміздің тұрақты даму жолында саяси жүйені, әлеуметтік-экономикалық саланы кезең-кезеңімен жаңғыртуға қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуы қажеттігін атап өтті.

«Бізді өте үлкен міндеттер күтіп тұр. Қоғамдық кеңес – мәселені шешу жолдарын ұсынатын ұйым. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының ережелеріне сүйене отырып, біз алдағы уақытта да ел мен өңірдің дамуына бағытталған маңызды міндеттерді бірлесіп шешуге, халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейіне қол жеткізуге ұмтыла аламыз», — деді М. Ахметжанов.

Іс-шара барысында Кеңес төрағасы Ермек Нұғыманов өткен жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2024 жылға арналған жоспарлармен бөлісті.

Жиын барысында тұрғындарды толғандырып жүрген бірқатар мәселелер көтерілді. Мәселен, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия төрағасы Бақыт Смағұл ауылдағы инфрақұрылымды кеңейту, жастарды жұмыспен қамту мәселелерін қарастыруды ұсынды. Аграрлық мәселелер, экология, инновациялық даму және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Мәриям Әбішева жиналғандарды қалдықтарды өңдеуде жаңа технологияны қолдану және өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық мониторингі туралы хабардар етті. Экономика және бюджет комиссиясының төрағасы Алмат Нұрахметов өз баяндамасында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін баспана мәселесін шешуге баса назар аударды. Заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының төрайымы Сәуле Құсайынова Төтенше жағдайлар министрлігі академиясы мен 5510 әскери бөлімінің жатақханаларына жүргізілген мониторинг нәтижелеріне, денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелерге тоқталды.

«Мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері өз мақсаттарына жету үшін бірлесіп жұмыс істеуі керек. Біздің басты міндетіміз – өңірде тыныштықты, дамуды, келісім мен ашықтықты қамтамасыз ету. Біздің ортақ жоспарларымыз, жобаларымыз бар. Біз өз тарапымыздан қоғам мен үкіметтің өзара әрекеттесуін құптаймыз. Біздің іс-әрекетіміз халықтың сұранысына сай болуы керек», – деп атап өтті сөзінің соңында өңір басшысы.

Айта кетсек, бүгінде облыста 21 қоғамдық кеңес жұмыс істейді, соның ішінде 1 облыстық, 20 қалалық және аудандық. Қоғамдық кеңестерге 240-тан астам адам тартылды.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар