Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қолөнер арқылы табыс табуға баулиды - АРҚА АЖАРЫ

Қолөнер арқылы табыс табуға баулиды

Халықтық сәндік-қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық көркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнерді жанына серік еткен Ж.Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алмагүл Бейсенбаева балаларды «ONLINE SHOP» жобасымен айналасуға бейімдеп келеді.

Қазіргі уақытты бәсекелестік пен жоғары технологиялардың, ғылым мен білімнің қарыштаған заманы десе болады. Әркім қолынан келген ісін дөңгелетіп, әрі қарай даму мен табысқа жетуді көздейді.  Аршалылық ұстаз Алмагүл Нәдірқызы шәкірттеріне адамның рухани өмірінде, күнделікті тіршілігінде, қарым-қатынасында көркемөнерменәсемдік, талғампаздық елеулі рөл атқаратындығын түсіндіріп қана қоймай, үйретіп келеді. Ол қолданбалы өнермен айналысу арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, оларға қажетті техникалық білім беріп, еңбек, білік дағдыларын жетілдіруде. Белгілі бір кәсіпке, мамандық таңдауға психологиялық және практикалық дайындық жасау мақсатында ол жоғарыда аталған білім ордасында «ONLINE SHOP» жобасын қолға алған. Оқушылардың қолынан шыққан бұйымдарын @koloner_arshaly инстаграм парақшасында жариялап, сатылымға қояды.

–Сатылған бұйым бағасының 50 пайызы оқушыға беріледі, 1 пайызы қайырымдылыққа, қалғаны жұмыс жасауға қажетті заттар алуға жұмсалады. Бұл жоба оқушыларға өзін-өзі кәсібидамытуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасауға мүмкіндік береді, –дейді Алмагүл Нәдірқызы.

Қазіргі таңда оқушыларжоба нәтижесінде «Дизайнер», «Кәсіптік білім беру»,тағы басқа дамамандықтар бойынша білім алуда. Оқушылардың күннен-күнге қызығушылықтары артып, жобаға қатысушылар саны да көбеюде.Мысалы, 7 сынып оқушысы Әсел Мұхамедиярованың шеберлігі шыңдалып, моншақтан түрлі сәнді сөмкелер жасап, өзі жеке инстаграм парақшасында онлайн дүкенін ашып алды. Ұстаз өзінің осындай шығармашыл, шебер шәкірттерімен бірлесіп, аудандық, облыстық, республикалық көрме-семинарларға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі деңгейдегі жүлделі орындарға ие болып жүр. Ол осы тәжірибесінің жаңалығы мен шығармашылық ізденісі үшін «Үздік кәсіби бағдаршы» атанды.

Жұмысына бейжай қарамайтын педагогтың республикалық ауқымдағы іс-шаралардағы үздік педагогикалық тәжірибесі үшін көптеген дипломдары мен Алғыс хаттары бар.Ата-аналарды педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмыс аясында 2023 жылдың қараша айында Фариза Оңғарсынова атындағы елордалық мектеп-гимназиясында «Бұлақ көрсең, көзін аш» ашық есік күні ұйымдастырылып, онда Алмагүл Нәдірқызы моншақтардан бұйымдар тоқу бойынша шеберлік сабағын өткізді.

–Біздің басты міндетіміз – жаңа заман ғылымын меңгерген, мәдени дүниетанымы мен көзқарасы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу. Бүгінде жастарға сапалы білім берумен қатар, еңбекке баулу, кәсіпке үйрету аса қажет. Экономика дамып келе жатқан қазіргі қоғамға еңбекке тез бейімделетін, өзіндік білім алуға құштар, осы тұрғыда өзін-өзі тәрбиелей алатын, өзін-өзі дамытуға әзір, белсенді, шығармашыл жастарды тәрбиелеп шығаруымыз керек. Сонымен бірге, біз бұйым жасау мен оны іске асыруды үйретіп қана қоймай, көркем қолөнердің түпкі тарихына үңіліп, оқушы бойына ұлтымыздың ізгі қасиеттерін сіңірудеміз, жеке тұлға қалыптастыруда қолөнер жобасының маңызы зор екендігін түсіндіреміз, –дейді біздің кейіпкеріміз сөз арасында.

Иә, бүгінгі күннің шәкірті өз жұмысына берілген ұстаздардың осындай құлшыныстарымен жетіліп, биіктерден көрінбек.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Аршалы ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар