Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихи ескерткіштер – елдің мәдени мұрасы - АРҚА АЖАРЫ

Тарихи ескерткіштер – елдің мәдени мұрасы

Қазақ халқы ежелден тарихы бай ел. Бүгінде еліміз ғасырлар бойы кейінгі ұрпаққа тарихи-мәдени мол мұра қалдырып, әлемдік өркениет қазынасына енген мәдени құндылықтардың иесі. Қазақстан тарихи және мәдени ескерткіштердің саны мен алуан түрлілігі жағынан Жерорта теңізі мен Таяу Шығыстың көптеген елдерінен қалыспайды. ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан Республикасында болып жатқан экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістер мемлекет пен қоғамның тарихи-мәдени мұраға деген көзқарасының сапалық өзгеруіне алып келді.

Тарихи-мәдени мұраны қорғау, олардың сақталуына құқықтық кепілдіктер беру Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Ескерткіштер төл мәдениетіміздің дәстүрлері мен құндылықтарын сақтау және арттыру арқылы ұрпақтар арасындағы байланыстырушы мұра болып табылады.

Олар мәдени мұраның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ретінде әлеуметтік функцияларды орындайды, ғылымды, білім мен мәдениетті дамыту, патриоттық сезімді қалыптастыру, идеялық-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсаттарына қызмет етеді.

Бүгінде қазақ қоғамында ата-бабаларымыздың мәдени мұрасының рөлі артып келеді. Оның сақталуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 5-тармақшасымен қамтамасыз етілген. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының қазіргі жағдайы сан ғасырлық дәстүрлерді сақтау және дамыту, жаңа тарихи-мәдени ескерткіштерді ашу, мавзолейлерді, көне мешіттерді қалпына келтіру, қазақ халқының мәдени мұрасы үшін тарихи маңызы бармұрағат құжаттарын жасау бойынша кешенді шаралармен сипатталады.

Соңғы жылдары Қазақстанда ата-бабаларымыз бен қоғам қайраткерлерінің есімдерінесте сақтау мақсатында ескерткіштер орнату жағдайлары жиілеп кетті. Сонымен бірге, олар монументті өнердің құрылымы ретінде мемлекеттік ережелерді сақтамай орнатылуда.

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында монументтік өнерқұрылыстарына түсініктеме берілген. Бұл – көрнекті тұлғалар мен маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылған ескерткіштер, стеллалар, бюсттер. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері де осы заңмен белгіленген. Оларға археология, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер жатады.

Ақмола облысында монументтік өнер объектілерін орнату «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №288-VI ҚР Заңымен,

«Монументтік  өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығымен реттеледі.

Ескерткіштерді орнату үшін жергілікті атқарушы органдарға мемориалдық құрылыс орнату туралы жазбаша өтініш жіберіледі, онда нысанды орнату мақсаты мен оның сипаттамасы көрсетіледі. Өтінішті Ақмола облысы мәдениет басқармасына қарасты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану  жөніндегі комиссия қарайды.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің жоғарыда аталған бұйрығының 4-тармағына сәйкес ескерткіштің маңыздылығы мұрағат құжаттарының көшірмелерімен, деректік, тарихи, анықтамалық энциклопедиялардан, кітаптардан үзінділермен,  ғылыми мақалалармен және өзге  құжаттармен расталады. Комиссияның оң қорытындысы болған жағдайда өтініш ілеспе хатпен бірге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданады. Онда құрылымды орнатуды қаржыландыру туралы ақпарат, құрылысты орнату үшін жер учаскесін бөлу туралы жергілікті атқарушы органның шешімінің көшірмесі қамтылады.

Хатқа кемінде 1:10 масштабтағы құрылыстың екі жұмыс жобасы, жарықтың төрт бағыты көрсетілген құрылысты орнатудың ситуациялық сызбасы, құрылыстың1:500 масштабтағы бас жоспарының макеті, құрылыстың сәулеттік-көркемдік, композициялық  шешімдерін қысқа  сипаттауды қамтитын түсіндірме жазба қоса беріледі.

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 54-бабының 7-тармағына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өткім келеді.

Гүлмира ЖАМАНОВА,
Ақмола облысы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени
мұраны қорғау және пайдалану орталығының археология,
сәулет және қала құрылысы ескерткіштерін қорғау бөлімінің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар