Жоғарғы сот басшылығы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Ақмола облыстық сотында 2023 жылғы сот төрелігін іске асыру қорытындысы бойынша кеңес өткізді. Кеңеске облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Соттар әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қатысты.

«Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды құқықтық реттеу – кез келген демократиялық мемлекеттің ұраны. Сондықтан Президент сот жүйесін жаңғырту қажеттігін атап өткен болатын. Судьялардың алдына азаматтардың сот арқылы қорғалуының конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Облыс соттарының жетістіктерінің артында судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен жемісті жұмысы тұр», – деді өңір әкімі М. Ахметжанов өз сөзінде.

Жұмыс қорытындылары туралы облыстық соттың төрағасы Арман Жүкенов, алқа төрағалары Раджаб Даминов, Серікжан Ғабдулин және Найля Нұралыева хабардар етті.

А. Мерғалиев өз сөзінде Президенттің судьялардың тәуелсіздігін, жауапкершілігін қамтамасыз ету, сот төрелігінің сапасын арттыру жөніндегі бастамаларына кеңеске қатысушылардың назарын аударды. Ол аудандық соттар төрағаларын сайлаудың жаңа тетігі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа және Жақсы аудандық сотындағы бос орындарды толтыруға мүмкіндік беретінін, Жоғары Сот Кеңесіне судья кадрларын іріктеу функцияларының берілуі, күштік органдардың судьяларға ықпалын жою, апелляциялардың рөлін күшейту, дербес кассациялық сатыларды құру және т.б. туралы еске салып өтті.

Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы есебі бойынша өңірдегі соттарға халықтың сенім деңгейі 62%-ды құраған. Судьялардың жалақыларын кезең-кезеңімен көтеру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, соттар ғимараттарын жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде.

«Біз нөлдік төзімділік танытуға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне батыл қарсы тұруға тиіспіз», – деді ол.

Кеңесте облыстық соттың отставкадағы судьялары Мейрам Ғибаділов пен Наталья Шелемді «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.

А. Мерғалиев пен Н. Ахметзакиров сол күні Бурабай және Ақкөл аудандық соттарында болып, сот ғимараттарын аралап, судьялармен және сот қызметкерлерімен кездесті. Істерді қарауға, татуластыру рәсімдерін қолдануға, заңнамалық новеллаларға және т.б. қатысты мәселелерді талқылады.

Жоғарғы Сот және Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметтері

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар