Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
КӨКШЕТАУДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 2 БАЛАБАҚША АШЫЛАДЫ - АРҚА АЖАРЫ

КӨКШЕТАУДА ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 2 БАЛАБАҚША АШЫЛАДЫ

2024 жылы облыстың білім беру жүйесінде облыс әкімі мен оқу-ағарту министрі қол қойған өңірдің білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру жалғасады.

Бұдан басқа, оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Баршаға қолжетімді сапалы білім беру» ұлттық баяндамасы шеңберінде өңірде білім беру сапасын едәуір арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені іске асырылатын болады.

Енді кезек-кезекпен осы жұмыстар бойынша хабарлаймыз, бірінші балабақшалардың жұмысынан бастайық.

Мектепке дейінгі білім беруде жұмыс «Балабақша – жайлылық және даму аумағы» бағыты бойынша жүзеге асырылады. Осы бағыт бойынша балалардың мектепке дейінгі білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету; мектепке дейінгі ұйым педагогының мәртебесін арттыру және балабақшаларда балаларды тәрбиелеу тәсілдерін өзгерту міндеттерін шешу жоспарлануда. Оған қоса ата-аналардың балабақша қызметіне тартылуын күшейту мен балабақшалардың жұмысын бағалау жүйесін өзгерту мәселелері назардан тыс қалған жоқ.

Тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кемінде мектепке дейінгі 1,5 мың орын ашылады, бейінді колледждерде балабақшалар үшін педагогтерді даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс пен облыс әкімдігінің гранттары ұлғайтылады.

Облыс орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Көктем» және «Сарыарқа» шағын аудандарында 2 балабақша ашу жоспарлануда.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептің жұмысын сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылатын болады, бұл ретте әрбір баланың дамуының жеке траекториясын құруға ерекше назар аударылатын болады.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар