«Самұрық-Қазына» қорының әлеуметтік жобасы аясында Ақмола облысының тұрғындары жаңа мамандықтарды игерді

Ақмола облысының 50 тұрғыны «Samruk-Kazyna Trust» қорының әлеуметтік жобасы аясында жаңа кәсіп иелері атанды. Олар дәнекерлеуші, көлік жөндеу, SMM, аспаз ісі, сұлулық саласының маманы сияқты бағыттар бойынша білім алды.

Азаматтардың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға, жұмыспен қамтуға бағытталған «Табысты отбасы» жобасына көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері, балаларды тәрбиелеп отырған аналар мен әкелер, NEET санатындағы ерекше баласы мен жастары бар отбасылар қатысты. Бір ай ішінде олар трансформациялық мастермайндтар, қаржылық және құқықтық сауаттылық бойынша консультациялар мен тренингтерден өтті.

«Samruk-Kazyna Trust» қорында атап өткендей, жоба 2022 жылы басталып, Ұлытау, Жетісу, Абай, Ақтөбе, Түркістан және Ақмола облыстарынан 350-ден астам қатысушыны қамтыды. Сұраныстағы мамандықтарды игерген азаматтар бүгінде жұмысқа орналасып, өз ісін кеңейтіп, кәсібін дөңгелетуде.

Қатысушыларға оқуды аяқталғаны жөнінде сертификаттарды табыстау шарасында Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса жобаның әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, ақмолалықтар атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Әр отбасының әл-ауқаты, материалдық тұрақтылығы – бұл бүкіл облыс пен қаланың әлеуметтік әл-ауқаты. Сондықтан қатысушылар жаңа жоба бастап, өңірімізде жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізеді деп үміттенеміз», – деді қала әкімі.

Оқуға қатысқан жандардың бірі – көп балалы әке Мереке Әбдікәрімов.

«Өз ісімді ашып, жүргізу үшін білім мен дағдылар жетіспеді. Енді жаңа істі меңгеріп, алдағы уақытта кәсіп ашуды жоспарлап отырмын. Жобаның аты айтып отырғандай, енді табысқа жетуге мүмкіндіктер ашылды. Сондықтан «Samruk-Kazyna Trust» қорына осындай бірегей жобасы алғысым зор», – деп атап өтті.

Оқытудан басқа, жоба түлектері үш ай ішінде тәлімгерлік қолдау алып, шағын бизнесті бастау үшін қажетті жабдық түрінде грант алады. Жобаға «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржылай қолдау көрсетеді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар