Іс шараның мақсаты – әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйелдер көшбасшыларын қолдауға және біріктіруге бағытталған.
Сонымен қатар өңірлерде адамдардың өмір сүру сапасын және қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған неғұрлым маңызды және пайдалы жобаларды, бастамалар мен практикаларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.
Жобаның бағыттары:
Агробизнес саласындағы үздік жоба
Үздік ІТ жобасы
Шығармашылық индустрия саласындағы үздік жоба
Жаңа медиа саласындағы үздік жоба (БАҚ, әлеуметтік желілер)
Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үздік жоба
Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба
Ғылым және инновация саласындағы үздік жоба
Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенді құқық қорғаушы
Үздік әйел кәсіпорын басшысы
Әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы үздік ҮЕҰ және басқалары
Өтініштер а.ж. 5-16 ақпан аралығында uvp@aqmola.gov.kz поштасына қабылданады.
Облыста деңгейде іріктеуден өткен жеңімпаз республикалық деңгейге өтеді
Ережемен Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы сайтында танысуға болады