Ақмола облысында жыл басынан бері қызылша жұқтырудың 244 дерегі тіркелді

 – Ақмола облысында биылғы жылдың басынан бері қызылша жұқтырудың 244 дерегі тіркелді, оның 229-і қаңтар айының үлесінде.

Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омархановтың мәліметінше, соңғы аптада өңірде қызылша жұқтырғандар саны сәл кеміген.

«Қазіргі кезде, өңірде қызылшаға байланысты жағдай тұрақталып келеді. Өткен аптада 57 жағдай тіркелді, яғни 10,9 пайызға аз. Жалпы, өңірде жаппай иммундау шаралары жалғасуда. Ал, биылғы жылдың басынан бері облыс бойынша қызылша жұқтырудың 244 дерегі расталды, оның 229-і қаңтарда, қалған 15 ақпан айының үлесінде», – деді Серік Омарханов.

Айтуынша, облыс бойынша қосымша жаппай иммундауға 44 600 адам жатады, оның ішінде 6-10 айлық жас аралығындағы балалар. Қазіргі кезде иммундауға жататын 34 мың адам бар, олардың 78 пайызы екпе алды.

Айта кетсек, өткен жылы Ақмола облысында қызылша жұқтырғандар саны 490 адамға жетсе, 379 жағдайда (зертханалық – 218 жағдай (58%), эпидемиологиялық байланыс бойынша – 66 (17%), клиникалық – 47 (12%) расталды. Төртінші тоқсанда 340 жағдай тіркелді, яғни, өсім 30 есеге жоғары болды.

Еске салайық, бұдан бұрын Ақмола облысында жыл басынан бері 11 адам қызылша жұқтырғанын жазған едік.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар