Көкшетау қаласында «Bolashaq saraiy» алаңында «Robotek Grand Tournament» робототехника бойынша республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті.
Ұйымдастырушылар — Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы.
Іс-шара роботтарды құрастыру және бағдарламалауға, инженерлік ғылымдар, ғылыми-техникалық шығармашылық, бағдарламалауға, басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдауға, спорттық және білім беру робототехникасын танымал етуге бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионатқа робототехникамен айналысатын 90-ға жуық ақмолалық оқушы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр түрлі жас санаттарында командалық жарыстың 7 түрі бойынша анықталды: роботек, инверстік сызық бойымен жарыс, жеткізуші робот, мерген кіші санат, мерген жоғары санат, туды жеткізу, сұрыптаушы робот.
Чемпионат қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломдармен, алтын медальдармен және 20 000 теңге сомасында командалық ақшалай сертификаттармен — 7 команда марапатталды.
2-орын алған 12 команда ІІ-дәрежелі дипломдармен, күміс медальдармен және 15 000 теңге сомасында командалық ақшалай сертификаттармен марапатталды.
3-орын алған 14 команда ІІІ-дәрежелі дипломдармен, қола медальдармен және 10 000 теңге сомасында командалық ақшалай сертификаттармен марапатталды.
4 команда грамотамен марапатталды.
68 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 14 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 26 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 28 оқушы, грамотамен – 8 оқушы марапатталды.
Құттықтаймыз!
Дереккөз: www.gov.kz