Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ынтымақпен бірлесіп жұмыс істеу мүддесі - АРҚА АЖАРЫ

Ынтымақпен бірлесіп жұмыс істеу мүддесі

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Марат Қойшыбаев Есіл аудандық мәслихатының депутаттық корпусымен кездесті.

Бейбіт Айтымұлы әріптестеріне облыстық мәслихаттың жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып, депутаттық сағаттар, өзекті мәселелерді қарау бойынша отырыстар қандай негізде өтетінін, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл қалай құрылатынын баяндады. Тұрақты комиссиясының қызметі туралы оның төрағасы Марат Қойшыбаев әңгімеледі.

Есіл аудандық мәслихатының төраймы Анар Әділбаева депутаттық корпустың жұмысына тоқталып, олардың халықпен кездесулері мен азаматтарды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. №11 сайлау округіндегі депутаттық жұмыс, Свободное ауылдық округі мен Игілік ауылы бойынша проблемалық мәселелер туралы депутат Бекзат Баймұратов сөз сөйледі. Депутаттар сондай-ақ, жоғары тұрған бюджеттерден қаржыландыруды және заңнамалық деңгейдегі өзгерістерді талап ететін проблемалармен бөлісті.

Іс-шара Есіл аудандық мәслихатының алтыншы және жетінші шақырылымдарының төрайымы Сәуле Ағымбаева мен бесінші және алтыншы шақырылымдардың депутаты Константин Мистридидің қатысуымен өтті. Мәслихаттарға 30 жыл толуына орай, Бейбіт Айтымұлы оларға көп жылғы адал еңбектері, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлестері, жоғары кәсібиліктері, ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтқандары үшін Алғыс хаттар табыс етті.

Депутаттық корпуспен кездесуді қорытындылай келе, Бейбіт Жүсіпов әріптестеріне халықпен белсенді жұмыстары және облыстық мәслихаттың бастамаларын қолдағандары үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде аудандық мәслихаттың депутаттары ауданның Кешенді даму жоспарын әзірлеуге және барлық маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың, оның ішінде «AMANAT» партиясы жол картасының іске асырылуын бақылауға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

Бұдан әрі жұмыс сапары барысында облыстық мәслихат төрағасы мен экономика және тұрақты комиссияның төрағасы аудан орталығы Есіл қаласының бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады.Есіл ауданының әкімі Серік Балжановпен және аудандық мәслихат төрайымы Анар Әділбаевамен бірге олар Сайлау Серіков атындағы мектебіне барды. Бұл нысан күрделі жөндеу жобасын жеңіп алған жосықсыз мердігердің кесірінен проблемалық жағдайға тап болып отыр. Сапасыз жұмыс объектінің барлық белгіленген мерзімдерден кешіктіріліп, көптеген кемшіліктермен пайдалануға берілуіне әкеліп соқты. Олқылықтарды жою бойынша жұмыстар осы күнге дейін жалғасып келеді, биыл тағы да жөндеудің екінші кезеңі күтіп тұр. Жаңартылған үй-жайларды қарап шыққаннан кейін депутаттар бірқатар алаңдаушылықтарымен және ескертулерімен ой бөлісті.

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың жұмыс тобының мүшелері Есіл қаласындағы салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне және 45 пәтерлі тұрғын үйге барды. Олар бойынша да мердігерлер мен тапсырыс берушілерге қатысты көптеген сұрақтар туындады. Бұл жобалардың аяқталуы жергілікті атқарушы органдар мен аудандық мәслихат депутаттарының қатаң бақылауында болуы тиіс, – деді Бейбіт Жүсіпов.

Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар