– «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан күні сағат 6:41-де жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.6. MPV магнитудасы 4.2. Эпицентр координаттары 41.21° с. е. 78.77° ш. б. Тереңдігі – 5 км. Қазақстанда сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы деректер жоқ», — делінген хабарламада.
Дереккөз: kaz.inform.kz