Марат Ахметжанов: «Міндеттер қойылды, біз оларды жүзеге асыруға кірісуіміз керек»

Облыс орталығында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларын орындауға арналған жиын өтті.

Жиынды ашқан аймақ басшысы Президент ел экономикасының деңгейін, тиісінше, азаматтардың өмірін одан әрі жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттер белгілегенін атап өтті. Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім көлемін ұлғайту, қолайлы іскерлік және инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін пайдалану, құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру және цифрлық үдерістерді жандандыру жұмыстарын жүргізу қажет.

Марат Ахметжанов бюджеттің шығыс бөлігі мен оны бөлу тәсілдерін қайта қарауды тапсырды.

«Экономикалық үдерістерді тиімді басқару үшін жедел деректер базасын құру қажет», – деді облыс әкімі.

Талқылау барысында облыстағы кәсіпорындардың салық міндеттемелерін сақтауы бойынша нақты міндеттер қойылды. М.Ахметжанов аудан, қала әкімдіктері тарапынан инвесторларды тарту бойынша тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмей жатқанына тоқталды.

«Біз инвесторлар үшін тиісті ұсыныстар мен шарттарды дайындауымыз керек. Инвестор күнін ай сайын өткізу керек. Оны алдағы уақытта өткізу керек», — деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі агроөнеркәсіптік сала бойынша жеті ірі сүт-тауарлы фермасының құрылысын жеделдетіп, көктемгі егіс жұмыстарын ұйымшыл және дер кезінде жүргізіп, егіс алқаптарының жоспарланған құрылымын орындауды, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ облыс әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында да нақты міндеттер – инженерлік инфрақұрылымды жақсарту және жобалық-сметалық құжаттаманы одан әрі әзірлеу үшін елді мекендердің даму перспективаларына талдау жүргізуді қойды.

Денсаулық сақтау саласында, әсіресе, ауыл тұрғындары үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау тапсырды.

«Бізден барлық салада үйлесімді және дәйекті жұмыс істеу талап етіледі. Бұл үшін қажетті резервтер мен әлеует бар», – деп түйіндеді сөзін Марат Ахметжанов.

Отырыс барысында экономика және бюджеттік жоспарлау, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, цифрландыру және архивтер басқармалары, сондай-ақ мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының есептері тыңдалды.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар