Ақмола облысының кадр комиссиясы өңірлік кадр резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

 Өңірлік кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспауы;
  • жоғары білімінің болуы;
  • үш жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда)  https://onir.pkrezerv.gov.kz/ онлайн-платформасында кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен құпия сөзі арқылы дербес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады. Құжаттар aqmola@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық почтаcы арқылы немесе Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 3 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттар да онлайн-платформада тіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ, 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктеуі тиіс.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді онлайн-платформадан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсынан https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан https://www.instagram.com/elgeqyzmet.aqmola/) және 8 (7162) 51 81 32, 51 81 17 телефондары арқылы алуға болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар