Спортта да қарыштаған «Родина»

Целиноград ауданының «Родина» командасы еліміздің ауыл балалары мен жасөспірімдері арасында шайбалы хоккейден «SAMRUK BALA CUP» атты алғашқы республикалық турнирдің жеңімпазы атанды. 

Спорттық іс-шара 4-6 ақпан аралығында Астанада 300 баланың қатысуымен өтіп, Қазақстан тарихындағы ең ауқымды балалар хоккей жарыстарының біріне айналды. Жарысқа 9 өңірден 24 команда қатысты.

Турнир «Cross Ice» форматындағы ережелер бойынша өтті. Бұл «ALTYN SHAIBALY» жобасы шеңберінде жоспарланған, бас демеушісі «Samruk-Kazyna-Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып табылатын балалар турнирлерінің сериясынан екінші турнир. Жобаның мақсаты – балалар арасында хоккей ойынына қызығушылықты арттыру және Қазақстан Республикасында ауыл балалары мен жасөспірімдер хоккейін одан әрі танымал ету.

«Samruk-Kazyna» АҚ, Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, «Қазақстан хоккей федерациясы» РҚБ «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ өкілдері турнир қонақтары болды.   Ашылу салтанатына «100 Ауыл» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының бастамашысы әрі авторы, күш нөмірлері бойынша әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ресми елшісі Сергей Цырульников қатысты. Сондай-ақ, шайбалы хоккейден 2024 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіпалған хоккейшілеріміз келді. Турнирдің марапаттау рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Азамат Агзамов қатысып, жүлделі 1, 2 және 3 орын жеңімпаздарын марапаттады.

Ойындардың қорытындысы бойынша Ақмола облысы Целиноград ауданының «Родина» командасы турнир чемпионы атанды. Күміс медальді «БЖСМ Алтай» командасы (Алтай ауданы, ШҚО), қола жүлдені «Юность» командасы (Тереңкөл ауданы, Павлодар облысы) жеңіп алды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар медальдармен және кубоктармен марапатталды.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар