Жұмыс топтары аудандарға шықты

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс тобымен бірқатар аудан орталықтарында болып, мәслихат депутаттарымен және аппарат қызметкерлерімен кездесті.

Өзара іс-қимыл және қызметті үйлестіру, тәжірибе алмасу, аудандық және қалалық мәслихаттарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық мәслихатта жұмыс топтары құрылған болатын. Жарқайың ауданына келген бірінші топтың құрамына экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Марат Қойшыбаев пен облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары Жанна Ысқақова кірді.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовпен кездесу барысында өңір үшін өзекті мәселелер талқыланды. Бейбіт Айтымұлының облыстық жоспарға ұқсас Жарқайың ауданын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу қажеттілігі туралы ұсынысы қолдау тапты. Мәслихат төрағасының пікірінше, жоспар жобасын әзірлеуге халық қалаулыларының да белсенді қатысуы маңызды.

Жарқайың аудандық мәслихат корпусымен және өткен шақырылымдардың депутаттарымен әңгіме барысында Бейбіт Айтымұлы облыстық мәслихат жұмысының қорытындысына қысқаша тоқталып, жалпы міндеттерді белгіледі. Жергілікті өкілді органдардың кеңейтілген өкілеттіктеріне байланысты депутаттық қызметті жандандыру қажеттілігі туралы сөз қозғалды. Қатысушылар халықтан келіп түсетін ең өзекті мәселелерді талқылап, мәслихаттардың қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес шеңберінде белгілі жоспарларды нақтылады. Бейбіт Жүсіпов пен Марат Қойшыбаев депутаттардың қызметін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдарын жеткізді.

Кездесу соңында облыстық мәслихат төрағасы Б.Жүсіпов әріптестерін мәслихаттардың 30 жылдығымен құттықтап, ауданның депутаттық корпусының ардагерлері Виталий Камышанский мен Николай Семкинге Алғыс хатын табыс етті.

Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері Пригородное ауылындағы Абай атындағы орта мектепті аралап, педагогикалық ұжымның жұмысымен және ағымдағы жылы күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отырған оқу орнының материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Бұл мақсаттарға қаражат биылғы жылға бөлінген.  Депутаттардың  міндеті – алдағы жұмыстардың орындалу сапасын және жөндеу оқу процесіне зиян келтірмеуі үшін жобада белгіленген барлық мерзімдердің қатаң сақталуын бақылауға алу деп атап өтті Б.Жүсіпов.

Қарлыға Мухатаева,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар