Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дала қарсыз емес, бірақ, көктемгі ылғал қалай болар екен?.. - АРҚА АЖАРЫ

Дала қарсыз емес, бірақ, көктемгі ылғал қалай болар екен?..

Қазақстанда соңғы он жылда аномальды температура, атмосфералық жауын-шашынныңәртүрлі болып жаууыжиі орын алуда.2023-2024 жылдар да осы сипатқа ие.

Ағымдағы жылы топырақта мол мөлшерде ылғал қоры бар деген жаңсақ пікірлер айтылуда. Қазіргі топырақтың ылғал  қорының  жағдайына 2023 жылдың күз мезгіліндегі ауа райыөз әсерін тигізді.

Өткен жылдың вегетациялық және күзгі кезеңдеріндегіауа райы жағдайын сипаттай келсек, бұндай қатты құрғақшылық пен аптап ыстықсоңғы 60-80 жылда орын алмаған. Мұндай жылдары «топырақ-өсімдік» экожүйесіндегі су қоры басқа режимде қалыптасады. Осындай жағдайларда ауыл шаруашылығы дақылдарының тұрақты өнімін алудың оң нәтижесін көрсеткен тәжірибелер бар. Мысалы, 2023 жылдың есебі бойынша А.И.Бараев атындағы Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы дақыл өсірудің барлық жағдайларын ескере отырып,тәжірибелік учаскелердежаздық бидайдангектарына 16-18 центнер аралығында өнім жинады. Басқа ауыл шаруашылығы дақылдарының да өнімділігі жоғары деңгейде. Дақылдың өнімділігі жауын-шашын түспей тұрып анықталды.

Сондай-ақ, көп жылдар бойы дәндідақыл сабақтарын қалдыру арқылы тікелей себу мен минималды топырақ өңдеу жүйесі бойынша жаздық бидайдың өнімділігі гектарына 15-18 центнер деңгейінде болса, зығыр мен жасымықтан 6-8 центнер өнім жиналды. Дақыл өсірудің жеңілдетілген технологиясы бойынша жаздық бидайдың өнімділігі 6-8 центнер болса, зығыр мен жасымықтың өнімділігі 2-3 центнерге дейін төмендеді. Бұл егістік алқаптарында дақыл өнімділігін арттырудың резервтері мен мүмкіндіктері жоқ емес, бар. Негізгі егіншілік жүйелерінің тиімділігін арттыру топырақтағы ылғал қорының мөлшерінде болмақ. Қаңтар айының ауа температурасының төмендеуінен кейін қар жамылғысының беткі қабаты өте тығыз болғандықтан, қардың жиналуы екіталай болды. Сондықтан, қардың табиғи жиналуынан үміттенудің қажеті жоқ. Топырақтағы ылғал қорының жиналуы, қардағы ылғал қорының еруі және топыраққа сіңу қарқындылығына байланысты. Бұрынғы егістік алқаптарында дәндідақылдардың  сабағын қалдыру арқылы топырақта ылғал қорын жасауға болады. Осыған орай,  егістік құрамындағы су сыйымдылығы 40-60 пайызға жеткізіліп, оның 67-85 пайызы негізінен, 50-60 сантиметрге дейінгі топырақ қабатында жиналады. Сүрі танапқа қалған алқаптарда топырақтың бір метрлік қабатындағы топырақ ылғал қоры 119-120 миллиметрді құрайды. Уақытылы топырақ өңдеу технологиялары жүргізілмеген сүрі танаптық алқаптарда топырақтың ылғал қоры небәрі 65-85 миллиметр. Ұзындығы 30-40 сантиметр дәндідақыл сабақтарын қалдырған егістік алқаптарындақардың биіктігі 30-35 сантиметрге дейін жетеді.

Зерттеулер көрсеткеніндей, Солтүстік Қазақстанның егістік алқаптарында топырақтың ылғал қоры өткен жылдармен салыстырғанда жоғары. Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының егістік алқаптарындағы топырақтың ылғал қорынан, Ақмола облысының егістіктерінің ылғалдылығы төмен. Бұл күзде жауған атмосфералық жауын-шашынның мөлшеріне негізделеді. Күз кезіндегі топырақтың ылғалқоры ұзаққа созылған жаңбырдың есебінен қалыптасты. Мысалы, Ақмола өңірінің қара топырақ аумағында тамыз айындағы жауын-шашын көпжылдық мөлшердің 32 пайызын құрады. Бірақ, ауа температурасы көпжылдық орташа көрсеткіштен 2,0 градусқа жоғары болды.Қыркүйек айында жауынның көрсеткіші 32 пайызға асып, 33,2 миллиметрді құраса, қазан айындағы жауын-шашын мөлшері небәрі 19,7 миллиметрді көрсеткен. Ал, қараша айында жауын-шашын мөлшері шамалы болды және ауа температурасының теріс көрсеткіштерге тұрақты ауысуы осы айдың соңғы онкүндігінде тіркелді. Оған қоса, желтоқсан қысқа мерзімде жылымық болуымен сипатталып, жауын-шашын мөлшері 29,9 миллиметрді құрап, көпжылдық көрсеткіштерден 55,0 пайызға асып түсті. Жалпы алғанда, қыркүйек-желтоқсан айларында жауын-шашын мөлшері 94,4 миллиметрге жеткен. Соңғы айларда кеш жауған жауын-шашын негізінен, топырақтың беткі қабатында жиналып, егістіктердің көпшілігінде мұз қабат пайда болды. Бұл көктемгі еріген судың сіңу жылдамдығына әсер етеді. Мұны әсіресе, еңіс алқапты жерлерде ескеру керек.

Айта кету керек, қар жамылғысы өте тығыз жиналған жағдайда, ауыл шаруашылығы дақылдарының, әсіресе, майлы және бұршақты дақылдардың өнімділігі төмен болуымен, дәнді дақыл сабағыбиік болмайды. Екіншіден, желдің қатты болуына байланысты егістіктерде қар аз тұрып, негізгі қалың қарды елді мекендер мен орман екпелеріне үрлеп тастайды. Үшіншіден, қардың биіктігі ауылшаруашылығы ландшафттарында айтарлықтай өзгереді. Әсіресе, басқа рельефтермен салыстырғанда, солтүстік экспозициялық ландшафттар мен су айрықтарында қар қалың жиналады. Осы тұрғыда, Ақмола облысының қуаңшылық аймақтары саналатын Қорғалжын, Ерейментау, Жақсы, Егіндікөл аудандары және Целиноград, Аршалы, Атбасар аудандарының кейбір аймақтарында қар аз жауады. Кейбір, механикалық тәсілмен өңделген сүрі танап алқаптарында қар жамылғысы мүлдем жоқ. Тәжірибеге негізделгендей, ауыл шаруашылығы дақылдарынан жақсы өнім алу үшін топырақтың бір метрлік қабатында ылғал қорынжинау маңызды. Еріген қар суының көбісі жырамен ағып, не болмаса буланып кететінін ұмытпауымыз керек. Еріген қар суының ағуы, топырақтың шайылуы, жыралардың пайда болуы негізінен, сүрі танапқа қалған алқаптарда орын алады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында жүргізілген мониторинг бойынша қар қалыңдығы 15-25 саниметрден аспайтын егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстарын жүргізу қажет. Мұндай қар жамылғысымен топыраққа тек 20-35 миллиметр қар суын сіңіруге болады. Күздік топырақты өңдеу жұмыстары жүргізілген алқаптарда қардың қалыңдығы 12-15 сантиметрден аспаса, қар тоқтату жұмыстарын жүргізген оң шешім деп есептейміз. Сонымен бірге, 2020-2023 жылдардан алған сабақтарды ескере отырып,жаздың құрғақшылығымен аптап ыстық уақыттарында топырақта жақсы ылғал қорын жинаудың арқасындаөсімдіктер маусым мен шілде айларында болған құрғақшылыққа төтеп бере алатынын көрсетті. Құрғақшылық пен аптап ыстықтың әсерін азайту, сөйтіп, топырақтың ылғал қорын тиімді пайдалану үшін топырақ қабатыныңылғал қорына байланысты дұрыс ауыспалы егісті пайдалану керек. Ауыспалы егіс кезінде кем дегенде бір реттопырақтағы ылғал қорын бір метрге дейін жеткізген жөн.

Сөз соңында, шешімдерді дұрыс әріжедел қабылдау үшін ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріақпараттық технологияларды, әсіресе, қар үйінділерін бақылау үшін жерсеріктік суреттерді және дрондарды тиімді пайдаланса, оң нәтижеге қол жеткізуге жол ашады. Соңғы жылдарда сабақ болып тиген климаттың өзгеруі бізге ең алдымен, топырақта ылғал қорын жинау мен сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.

Қанат АҚШАЛОВ,
А.И.Бараев атындағы Шортанды астық
шаруашылығы ғылыми-өндірістік
орталығының ғылыми қызметкері. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар