Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әскери қызмет шақырады - АРҚА АЖАРЫ

Әскери қызмет шақырады

Жуырда, өңірлік коммуникациялар қызметінде осындай тақырыппен Ақмола облысы аумақтық қорғанысының бригада командирі Әлімжан Төлебаевтың, «Қазақстан Республикасы ҚК ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Жанат Ережеповтің және «Ақмола облысындағы Ауған соғысы ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырайдың брифингі өтті.

Мемлекет жыл сайын әскерилерге ерекше көңіл бөліп, елдің тыныштығын сақтау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Әскери қызмет – бұл үлкен жауапкершілік. Бұл саланың тізгінін ұстау үлкен төзімділік пен табандылықты қажет етеді. Себебі, ондай адам жеке мүддесінен гөрі халық мүддесін жоғары қоятын, отансүйгіштік қасиетімол патриот азамат болуы керек. Осы тұрғыда, әскери қызметке мамандарды тарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

– Әскери қызмет деген нағыз ер азаматтың еңбегі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Ақмола облысы аумақтық қорғаныс жөніндегі запастағы бригада құрылған және Көкшетау қаласында орналасқан. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 99265 әскери бөлімі»республикалық мемлекеттік мекемесі келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына офицер, сержантжәне қатардағы жауынгер лауазымдарына  әскери қызметке шақырады. Келісім-шарт бойынша әскери қызметке келетін адамдарға қойылатын талаптар мынадай, 32 жастан аспайтын Қазақстан Республикасының азаматы болу, мерзімді әскери қызметін атқарған немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өткен, жоғары немесе орта арнаулы білімі бар, денсаулық жағдайы жақсы және сотталмаған адам болуы керек, – дейді Әлімжан Қуанышбекұлы.

Сонымен бірге,  филлиал төрағасы Жанат Ережепов әскери қызметтің маңыздылығына тоқталып, «Келісім-шарт арқылы әскери қызметке кірген азаматтарға атқаратын лауазымы мен әскери шеніне байланысты лауазымдық жалақысының мөлшері қызмет мерзіміне және әскери шеніне қарай ұлғайтыла отырылып, тұрақты және уақытылы төленеді», деп сенім білдірді. Норма бойынша мемлекет қаражат есебінен киім-кешек және басқа да мүлік түрлерімен қамтамасыз етілумен бірге, әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерін әскери-медициналық мемкемелерде емдеу мемлекеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Оған қоса, Министрлік тарапынан оқу ақысының 50 пайызын төлеу мүмкіндігімен жоғары білім алу және пәтер сатып алу (жалға алу) үшін отбасының әрбір мүшесіне жәрдемақы төленеді. Бұл мүмкіндіктермен қоса, қоғамдық бірлестік төрағасы Дуанбай Ыбырай тілге тиек еткендей, «тағы бір мүмкіндік қызмет бабымен мансаптық өсу болып табылады».

Сондай-ақ, келісім-шарт төңірегінде кепілдік берілген мүмкіндіктерді атап өтейік. Айталық, кезекті демалыста болған жағдайда әскери қызметшінің жалақысы тоқтатылмайды, жыл сайынғы кезекті демалысқа шыққанда екі лауазымдық үстеме жалақы төленеді, мемлекеттік бағдарлама және заңмен кепілдендірілген тұрғын үй төлемдері өтеледі және 45-47 жаста зейнетке шығу сияқты кепілдіктер сақталады.

Сол сияқты, алдағы уақытта әскери борышын өтеген азаматтар штаб офицері, әскери байқаушы, әскери полиция бөлімшесінің қызметкері болып жұмысқа тұра алады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар