Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ САУСАҚ ТЕАТРЫН ОЙЛАП ТАПТЫ - АРҚА АЖАРЫ

АҚМОЛАЛЫҚ ОҚУШЫ САУСАҚ ТЕАТРЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

Щучинск қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің 3 сынып оқушысы Арсений Луговской саусақ театрын ойлап тапты.

Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың ұсақ моторикасын дамыту және саусақ қимылдарын үйлестіру бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Aл саусақ театры — бұл балабақшада және әр отбасында қол жетімді баланы дамытудың ерекше құралы.

«Осыған байланысты мен балаларды театрландырылған іс-шараларға тарту үшін саусақ театрымды ойлап таптым. Саусақ театры қызықты хобби да бола алады», — деді жас өнертапқыш.

Арсений анасы Татьяна Луговскаямен бірге саусақ театрына қуыршақтар жасап, «Саусақ ұшындағы ертегі» тақырыбында жоба ұсынды. Балаларға театр ұнайтыны белгілі, өйткені бұл оларға шындықтан ажырап ертегі әлеміне өтуге, бірден бірнеше рөлде өздерін сынап көруге мүмкіндік береді. Ересектерге саусақ театры бірқатар білім беру, дамыту, тәрбиелеу және түзету міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл қызықты ойын арқылы оқытудың пайдалы түрі.

Жоба бойынша жұмыс барысында Арсений өзінің ғылыми жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Екатерина Аксененкованың жетекшілігімен «Ертегі әлемінде» лэпбугін жасады. Бұл тақырып бойынша барлық жинақталған материалдарды қамтитын қалталары бар қағаздан жасалған кітапша. Лэпбукта ертегілер тақырыбына арналған түрлі тапсырмалар ұсынылған.

Көптеген әдебиеттерді оқығаннан кейін Арсений балаларға арналған саусақ ойындарының жинағын, QR-кодтары бар ата — аналарға арналған «Оқушының өміріндегі Театр» брошюраларын әзірледі. Сондай-ақ қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін жадынама жасады, өйткені көпшілік дұрыс жазуға ықпал ететін қандай жаттығулардың барын біле бермейді.

Үшінші сынып оқушысының жұмысы «Технология және өнер» секциясында «Зерде» республикалық ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстары байқауының I орынына ие болды.

Баланың жеңісінде оның анасы маңызды рөл атқарғанын атап өткіміз келеді. Сондай-ақ, ғылыми жетекші Екатерина Аксененкова мен директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Айнұр Кантарбаева үлкен көмек көрсетті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар