Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа қала депутаттардың белсенділігіне сүйсінеді - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа қала депутаттардың белсенділігіне сүйсінеді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов Қосшы қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап, депутаттар корпусымен кездесті.

Әлеуметтік мәселелер және экономика жөніндегі тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері Айнагүл Балташева, Марат Қойшыбаев, Клара Меңдібаева, Ғалымхан Саханов, Анар Аяпбергенова бірге болды.

Оларды нысандардың жұмысымен облыстық мәслихат депутаты Айдын Төребаев пен қала әкімінің орынбасары Бергей Жұмкей  таныстырды. Алдымен, өткен жылдың қыркүйегінде ашылған жаңа мектеп-гимназияның жұмысы таныстырылды. Өтемұратов қоры тұрғызған оқу орны заманауи жабдықтармен, ғимаратының сапасы және дизайнымен, әртүрлі құрал-жиһаздарымен, сондай-ақ, мамандандырылған сыныптармен таң қалдырды.

Бұдан әрі депутаттар құны 1 миллиард теңгеден асатын дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысымен танысты. Кіре берісте олар тамшылапжатқаншатырын көріп, айқын кемшіліктерді байқады. Бірақ, мердігерлер барлық олқылықтар мен кемшіліктер жақын арада жойылады деп сендірді.  Нысанды пайдалануға беру 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланып отыр.

Жаңа қалалық емхана ғимаратында депутаттар медициналық мекеменің жұмысымен танысып, жедел медициналық жәрдем станциясының қызметіне байланысты проблемалық мәселелерді талқылады. Жедел жәрдем көліктерінің жетіспеушілігі, халықты тіркеу мәселелері туралы депутат Айдын Төребаев егжей-тегжейлі айтып берді. Қазіргі таңда жедел жәрдем станциясының штат саны 44 адам, санитарлық автокөлік саныбесеу. Бұл күн сайын өсіп келе жатқан қала үшінөте аз.

Тағы бір проблемалық нысан,ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тапсырылуы тиіс 1200 орындық мектеп. Құрылыс мерзімі жер учаскесінің жеке меншікте болуына байланысты кешіктірілуде, сот процестері жүріп жатыр.

Сондай-ақ, халық қалаулылары жақында Қосшыда ашылған және қаланың ерекше таныстырылым және туристерді тарту орталығына айналған көне қазақ музыкалық аспаптарының бірегей мұражайын тамашалады.Бұдан әрі депутаттар Қосшы қаласы мәслихатында әріптестерімен кездесіп, тұрақты комиссиялардың кеңейтілген отырысын өткізді.

Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз  хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар