Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көмекке мұқтаж отбасылардың саны азайып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Көмекке мұқтаж отбасылардың саны азайып келеді

Ақмола облыс бойынша 2024 жылы 18 мың тұрғынға 2,9 миллирд теңгеәлеуметтік төлемжоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматулина айтып берді.

Берілген ақпаратқа сүйенсек, ағымдағы жылы бұл төлемдер аясында екі мыңнан астам отбасыға 1 миллиард теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілсе, 1 және6 жас аралығындағы 2105 балаға ай сайынғы қосымша төлем үшін 104,9 миллион теңге қарастырылған. Оған қоса, тұрғын үй көмегі, мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға, азаматтардың жекелеген санаттарына да әр түрлі мөлшерде қаржылық көмек көзделген. Атаулы әлеуметтік көмек тоқсан сайын отбасының кірісіне қарай тағайындалады. Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері бір адамға 9182 теңгені құраған. Басқарма басшысының айтуынша, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының, мемлекет пен көмек алушылардың өзара міндеттемелерін қолданудың нәтижесінде, соңғы бес жылда көмекке мұқтаж отбасылардың саны 9,9 отбасынан 2,3 отбасына дейін азайғаны байқалған.

– Қазіргі таңда«Цифрлық отбасы» картасы қаражаттың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз етіп, көмектің әлеуетті алушыларын және бюджеттің шығыс бөлігін анықтауға мүмкіндік береді, – дей келе Шолпан Салыққызы жоспарлы жұмыстарды атап өтті. Онда, бүкіл әлеуметтік қолдау жүйесін трансформациялау, атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғалардың кіріс-шығыстарының цифрлық аудитін жасау, мәліметтер базасын біріктіру, әлеуметтік қызметкерлерге арналған мобильді қосымшаны енгізу, азаматтық қорғаныс іс-шараларының тиімділігінің цифрлық мониторингін жүргізу жұмыстары жоспарланған.

Айта кетейік,  2019 жылы 43,6 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алса, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығарудың, мемлекеттің және көмек алушылардың өзара міндеттемелерін қолданудың белсенді шараларының арқасында 2023 жылы олардың саны 10,7 мың адамды құраған.

Сондай-ақ, заман ағымына сай жүргізіліп келе жатқан «Цифрлық отбасы» картасын енгізудің арқасында өткен жылы 785 адам атаулы әлеуметтік көмекті белсенді тағайындау үшін SMS-хабарлама алса, осы жыл басынан бері 121 адамға атаулы әлеуметтік көмек проактивті түрде тағайындалған.Бұл орталық коммуникациялар жүйесін енгізудің негізгі мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде «Цифрлық отбасы» картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді мақсаттары мен бағыттарын айқындайтынқұрал ретінде белгіленген. Сонымен бірге, ол азаматтарды әлеуметтік жағдайына қарай кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың атаулы әлеуметтік көмек немесе басқа түрін алуға құқықтары туралы күнделікті электрондық хабарламамен қамтамасыз ету болып табылады.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар