Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!!!

Сейсмикалық жаттығуларды өткізу аясында Көкшетау қаласында «Баршаның назарына!» сигналы бойынша азаматтық қорғау туралы хабарлау жүйесіне тексеру жүргізу жоспарланған, аталмыш жаттығулар облыс бойынша өткізілмек.

23 ақпанда сағат 13.00-ден 13.30-ға дейін дабылдар естіледі. Хабарлау жүйесін тексеру барысында электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалуды жүзеге асыру көзделеді.

Осыған байланысты, құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары, Ақмола облысының ТЖ Департаменті сигналды тексеру кезінде тыныштықты сақтауды, түрлі қауесеттерге құлақ аспай, дүрбелеңге түспеулеріңізді сұрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар