Ақмола облысының білім беру объектілерінің қауіпсіздігі ерекше бақылауда

Ақмола облысында білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда.

Бүгінгі таңда өңірдің барлық білім беру нысандары бейнебақылау камераларымен жабдықталған. ЖБО-ға немесе полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қосылған «дабыл түймесін» пайдалану мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы талаптарға сәйкес барлық білім беру объектілері екі топқа бөлінеді: білім алушылар мен қызметкерлер саны 700-ге дейін және адам саны 700-ден асатын объектілер.

Бұл ретте қалалар мен аудан орталықтарында орналасқан білім беру объектілері білім алушылар мен қызметкерлер санына қарамастан екінші топқа жатады.

Бірінші топқа жататын объектілер хабарландыру жүйесі, сондай-ақ полицияның кезекші бөлімдеріне қосылатын бейнебақылау жүйесі мен «дабыл түймесімен» жарақтандырылады.

Екінші топтағы объектілер бойынша бұл талаптар турникеттердің (кіруді бақылау жүйесі) және лицензияланған күзеттің болуымен толықтырылады.

Ағымдағы жылы аналогтық камераларды цифрлық камераларға ауыстыра отырып, бейнебақылау жүйелерін жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыру жоспарлануда.

Балалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өңір басшылығының ерекше бақылауында.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар