ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ САЛАСЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Бүгін Көкшетауда «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры белсенділері Бақыт Смағұл, Абзал Алпысбайұлы және Владислав Шуль «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-і ұжымымен кездесті. Шара барысында қоғамдық қоғамдық көлік саласының қызметкерлері саладағы бірқатар шешімі табылмаған түйткілді мәселелерді жайып салды.

Кездесу өзара диалог түрінде өтіп жұмысшылар жалпы жолаушылар тасымалы саласында кезек күттірмес реформаларды өткізу қажеттігі туралы ойларын білдіріп, жылдар бойы қордаланған мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, оны шешу жайлы өз көзқарастарын жеткізді.

Кезекпен жіпке тізсек:

  1. «Қалалық бағыт автобусының жүргізушісі» жұмысшы мамандығының тартымдылығын арттыру мақсатында қалалық маршруттарда 25 жыл жұмыс өтілінен кейін мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығын қайтару қажет. Бұған шарт жүрек-қантамырлары, неврологиялық аурулар сияқты кәсіби аурулармен және медициналық көрсетімдермен негіз бола алады.
  2. Жол қозғалысы ережесіне автобус аялдамасынан шығу үшін бұрылу шамын жаққан кезде сол бағытта келе жатқан көлік автобусқа жол беруге міндетті делінген тармақ қайтарылуы тиіс. Бүгінде көлік ағыны тым ұлғайып кеткен. Ал егер автобус аялдамасынан шыққан автобус жүргізушісіне жүргізушілердің бірі жол берсе ол жол апатын туғызу қаупін тудырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

.Ауыр жүк көліктерінің «С» санатты жүргізушісі болуы үшін 18 жасқа толған үміткер алдымен «С1» (жүк көтерімділігі 7,5 тоннадан аспайтын жүк көліктері) санатын оқып алуы және осы көлікте 21 жасқа жеткенше кемінде 3 жыл тағы жұмыс істеуі тиіс. Осыдан кейін «С» санатын оқып алуға сонымен қатар «Д1» санатын (отыратын орын саны 16-дан аспайтын шағын автобустар) жүргізуші құқығын алуға одан кейін шағын автобуста 25 жасқа жеткенше 3 жыл жұмыс істеуге құқылы. Шағын автобуста 3 жыл жұмыс істегеннен кейін ғана ол «Д» (автобустар) санатына оқуға мүмкіндігі бар.

Мәселен, жас жігіт 7 жыл оқып өз жеке кабинеті, жақсы жалақысы бар дәрігер дипломын ала алады. Дәл сол уақытта қиын климаттық жағдайларда, ауысыммен кейде 12 сағатқа дейін жұмыс істеп сондай-ақ жол-көлік оқиғасы қатерін және жолаушылардың өміріне жауапкершілік алып жүргізуші болып жұмыс істейді. Қазір жүргізушілердің орташа жасы 50 жастан асқан.

.Жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жазаны қатаңдатылғанына қарамастан жол-көлік апаттарының ұлғаюына байланысты аталған мәселе ерекше назар аударуды қажет етеді. ІІМ-і елде жол үстіндегі автокөліктердің көбейгенін алға тартады. Алайда, 2007 жылы белгісіз себептермен автомектептер ІІМ-нің бақылауына өтіп кеткені туралы үн жоқ. Орган жүргізушілерді сапалы даярлауға мүдделі. Бірақ іс жүзінде бәрі керісінше болып отыр.

Автомектептерден материалдық-техникалық базалар мен автодромның болуын талап ететін лицензиялануы алынып тасталды. 2007 жылдың 21 мамырындағы №402 қаулымен оқыту ұйымдарына жалға алу құқығымен жайларды қолдануға рұқсат етілген. Қаулы мәтіні мен лицензиялаудың алынып тасталуын сәтті пайдаланғандар материалдық-техникалық базасы жоқ, автодромсыз орасан көлемдегі автомектептер ашып алды. Сөйтіп сапа санға ауысып кетті. Салдарынан курсанттарды оқыту бағдарламасының халі мүшкіл жағдайға жеткен. Автодромдардың болмауына байланысты күрделі жол және ауа райы жағдайларында жүргізу, автотұрақтардың алуан түрлері, гаражға кіру, көлікпен өрге қарай жүру сияқты жүргізушілік шеберлікке жататын элементтер оқытылмай қалды.

.https://adildik.org.kz/manifest/kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар