«Ән аға, Шәмші аға» облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды

“Көкшетау ” мәдениет сарайында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік Сыйлықтың лауреаты,көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттауға арналған «Ән аға, Шәмші аға» облыстық байқауы өтті.

Көкшетауда өз таланттарын көрсету үшін Ақмола облысының қалалары мен аудандарынан 48 вокалист пен фольклорлық ұжым жиналды. Бұл кеште халық арасында кеңінен таралып, өз заманының шлягері болған әндермен қатар, сирек орындалатын әндері де қайта жаңғырып, көрерменге жол тартты.

Бұл күні облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайында жиналған қауым «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмшінің әндерін қосыла шырқап, тебіреніп, әдемі бір әсерге бөленді. «Ән аға – Шәмші аға» облыстық байқауының қорытынды гала-концертінде үздік орындаушылар өнер көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен I орынға Қорғалжын ауданының “Нұрлы саз” вокалдық квартеті ие болса, II орынды Степногорск қаласынан келген Еламан Мұратханов, ал III орынды Атбасар ауданының “Мezzo” вокалдық тобымен Жарқайың ауданынан келген Орынбасар Жеңісов өзара бөлісті. Бас жүлдені “Көкше”МҮ Ақтоты Абдрахман еншілесе, «Сирек орындалатын ән» номинациясының иегері болып Егіндікөл ауданының”Сазды әуен”фольклорлық ансамблі танылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар