Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бурабай» курортындағы мұз үстіндегі жарыс - АРҚА АЖАРЫ

«Бурабай» курортындағы мұз үстіндегі жарыс

«Бурабай» ұлттық паркінде Жұмбақтас тас аралының бойында Бурабай көлінің мұзында экстремалды мұз жарысы өтті. «BURABAY ICE 2024» жарысы нағыз трейл раннинг жанкүйерлерін жинады. Онда 600-ден астам қатысушы өз күштерін сынады.

Таңдау бойынша жарыс қашықтықтарының ұзындығы 7,14 және 21,1 шақырымға жүгіруді немесе скандинавиялық серуендеу – 7 шақырымды құрады.

Спортшылар арасында АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Италия, Өзбекстан, Үндістан, сондай-ақ, еліміздің барлық облыстарының спортшылары бар. Биылғы жылы жарысқа ультра қашықтықтағы Үндістан чемпионы Сандип Кумар келді, ол жарыстың өте жоғары ұйымдастырылғанын атап өтті.

– Іс-шара жүгіретін әуесқойлар үшін өз күштерін тексеруге тамаша мүмкіндік. Біз бұл жарысты қолдадық, өйткені, жүгіру мәдениеті мен салауатты өмір салтын дамыту мен қолдау қажет екеніне сенімдіміз. Ол бос уақытты өткізудің және жасына қарамастан, жақсы дене шынықтыруды сақтаудың тамаша тәсілі, – деді Ақмола облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Қарауылов.

Медальдар барлық жүгірушілерге  табысталды. Бірінші орынды 21 шақырым қашықтықта 1 сағат 33 минут көрсеткішпен мәреге жеткен Макс Санин иеленді.

– Жарысқа барлық жастағы спортшылар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық парктің туристік дестинацияларын дамыту, «Leave no Trace» экологиялық тұжырымдамасына назар аудару. Бұл жарыс Бурабай көліндегі мұз үстіндегі алғашқы экстремалды жүгіру, оған шет елдерден көптеген спортшылар келді. Жарыс сериясындағы үш жарыстың бірі болып табылады. Жазда «Aqburabay trail ITRA» қауымдастығының графигі бойынша тағы бір жарысты өткізуді ойлап отырмыз, – дейді жарыс директоры Павел Тенцер.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар