Шеберлік сабағына мамандар ынталы болды

Мобилография ‒ жаңа ғасырда дүниеге келген трендтегі сала. Бұрын адамдар фотоаппарат көмегіне жүгінсе, бүгінде телефон арқылы әр сәтті өздері таспалай береді. Бұл салаға деген сұраныс әсіресе, жас буын арасында айтарлықтай жоғары. Осыған орай, «Қоғамдық келісім» мекемесінің акт залында, облыстық жастар-ресурстық орталығы жастардың жаңа мүмкіндікке қол жеткізуі үшін мобилография бойынша шеберлік класын өткізді.

Мұндағы негізгі мақсат өңір жастарының және SMM-мамандардың қызметінің сапасын жетілдіру, әлеуметтік желілерде сапалы контент жасау және оны жылжыту тиімділігін арттыру болып табылады. Аталған үйрету сағатын Астана қаласынан шақырылған, мобилограф, контент-мейкер Әділет Амангелдіұлы өткізіп, тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, шараға өңірлік жастар ресурстық орталықтарының SMM-мамандары, ұйымдастырушылар, БАҚ өкілдері және үйренуге ниетті студент жастар қатысты. Шеберлік класы барысында қатысушылар сапалы бейне түсірудің барлық құпияларын үйреніп, ұялы телефонда дұрыс параметрлер мен орнату әдістерін таңдау бойынша құнды кеңестер алып, контент жасауда кадрларды өңдеуді үйренуге қол жеткізді.

Сонымен бірге, сабақ аясында практикалық жұмыстар атқарылып, үйренушілер 14-20 секундтық кадрлар түсіріп, сапалы бейне жасауға арналған интернет қосымшаларымен өңдеу, нәтижелерімен бөлісті. Шара соңында қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификат берілді.

Айта кетейік, күн санап дамып жатқан технология барлық салаға әсер етуде. Соған сай, аз уақыт ішінде мобилография саласы да қоғамның назарын аударған терминге айналып отыр. Қазіргі таңда кез-келген маркетинг немесе бизнес тренингтер өз өнімін сұранысқа шығару үшін ақпараттық құралға жүгінеді. Ұялы телефон мен компьютер, планшетке байланған адамдардың көздері сапалы бейне, жарқыраған дүниеге тез ауады. Сондай әуені мен сәні, кескіні мен мәтіні үйлескен жарнамалық контенттерді шығару бұл күнде мобилографтың басты жұмысы, әрі табыс көзіне айналған.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының»  өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар