Партия алаңында жаңа бюджет кодексі мен салық кодексі талқыланды !

Мемлекет басшысының 2022 жылғы Жолдауында  жаңа Бюджет кодексін енгізу тапсырмасы берілген болатын. Қазір қоғамда жаңа бюджет кодексімен салық кодексін талқылау қызу жүріп жатыр.  Бұл мәселе кеше өткен облыстық партия филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері бойынша кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

Жаңа Бюджет кодексі бір­неше маңызды міндеттерді шешуге бағытталған. Біріншіден, бұл бюджеттік үдерістерді жеңіл­дету. Екіншісі – блоктік бюд­жеттің эле­менттерін енгізу. Үшінші мін­дет – мемлекеттік қаржыны шоғыр­ландырылған басқару үшін заңнамалық негіз құру. Төртінші – бюджетаралық қатынастарды жетілдіру. Бесінші – нәтижеге бағытталған бюджет қағидаттарын күшейту және нәтижелерді басқару құралдарын жетілдіру.  Осылайша, мем­органдар мен өңір­лердің даму жоспарларын 3 жыл­да бір рет әзірлеу және бекіту көзделіп отыр. Мем­лекеттік органдарға бюджет қара­жатын басқаруда көбірек еркіндік беріледі, тиісінше жауапкершілікте артады дейді Ақмола облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бүлтенов. «Ұсынылып отырған тағы да бір шара – жергілікті атқару­шы органдардың республи­калық ақшаны пайдалануына, оның ішінде жалпы сипат­тағы трансферттер түрінде бө­л­і­не­тін, сондай-ақ тексеру комиссияларын күшейту есебінен мониторингті күшейту»,- деп атап өтті ол.

Ал облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Шынар Мусина 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды. Мәселен, енді кәсіпкерлердің банк шоттарын бұғаттау салық берешегінің сомасына тең мөлшерде ғана жүзеге асырылатын болады. 2021 жылдан бастап кезең кезеңімен жалпыұлттық декларациялау басталып кетті. 2023 жылдан бастап мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары декларация тапсырса, биылғы жылы заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары, ал 2025 жылы барлық жеке тұлғалар декларация тапсырмақ. Яғни 2025 жылы 13 миллионнан астам адам қамтылмақ. Партия алаңына жиналған жеке кәсіпкерлер мен құзіретті мемлекеттік орган өкілдері арасында ашық пікір алмасу болды.

Сондай ақ, партияның сайлауалды бағдарламасындағы  аграрлық секторда 1,7 мың адамды тұрақты жұмыспен қамту бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жетекшісінің орынбасары мен облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасының жетекшісі Шолпан Рахматулина баяндап берді. Жалпы ауыл халқын жұмыспен қамтуда «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру де шешуші рөл атқарды. Былтыр қыркүйек айынан басталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 200 адам 2,5 пайыздық несие алып, шаруасын дөңгелетіп отыр. «Ауыл аманаты» бойынша несие беру биыл да жалғасып жатыр.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар