Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Табысты отбасы» – әлеуметтік жоба - АРҚА АЖАРЫ

«Табысты отбасы» – әлеуметтік жоба

Ақмола облысының тұрғындары Самұрық-Қазына акционерлік қоғамының «Табысты отбасы» әлеуметтік жобасы шеңберінде бүгінгі қоғамда сұранысқа ие жаңа мамандықтарды игеруде. «Қоғамдық келісім» мекемесінде өткен салтанатты шарада олардың 35-іне  сертификаттар табыс етілді.  

«Табысты отбасы» жобасы біздің облыста осымен екінші рет ұйымдастырылуда. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының «Samruk-Kazyna Trust» қорының аталмыш жобасы аясында ақмолалықтар бүгінде үлкен сұранысқа ие дәнекерлеуші, СММ, кондитер секілді мамандықтарды меңгеріп, өз кәсіптерін ашуда. Бұл мамандыққа оқыту кезеңінің бір ерекшелігі ­– жобаға көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелері, жалғызбасты аналар мен әкелер, ерекше баласы бар отбасылар және NEET санатындағы жастар қатысыпты. Олар бір ай бойы қаржылық және құқықтық сауаттылық бойынша трансформациялық шеберлік, консультациялар мен тренингтерден өткен. Оқу қорытындысы негізінде қатысушылардың барлығына қажетті жабдықтар сыйға тартылды.

Жоба қатысушыларына сертификаттарды тапсыруға арналған салтанатты шараға облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева қатысты.

–Мен бүгін Ақмола облысындағы қатысушылардың статистикасын көріп, қуанып қалдым. Жобаға ер азаматтарды қатыстыру жағынан рекорд жасапсыздар. Тізімдегілердің жартысы ер азаматтар екен, оларға өзіне қажетті кәсіпті игеруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін рақмет айтамын. Қатысушылардың барлығын оқудың сәтті аяқталуымен және бүгінгі айтулы күнге жетулерімен шын жүректен құттықтаймын, –деді Альфия Адиева.

Аталмыш әлеуметтік жоба шеңберінде кәсіпкер атанған аналардың бірі – Эльвира Мұқашева. Көп балалы ана үйінде отырып балаларын сапалы, әрі құнарлы тамақтандыруды ойлап, өзі ірімшік  пісіре бастайды. Алғашқыда тек өз отбасына ғана, кейін көрген-білген адамдарының өтінішімен дайыпдап беріп жүрген. Содан сұраныс артып, үй жағдайында дайындау ыңғайсыздық тудырған соң, шағын ғимаратты жалға алып, 3 адамды жұмыспен қамтып, ісін дөңгелетуде екен. Айтуынша, өзі сұраныстағы жиырмадан астам ірімшік түрін жасап, қаладағы 10 мейрамхананы өз өнімімен қамтуда.

–Балаларымның дұрыс тамақтануы үшін бастаған ісім оңға басып, кәсіпке айналды. Қазір өзім сияқты аналар қызығушылық танытып, мені де үйретіңізші деп қолқалап, шебер сыныптарын сұрап жатады. Қазіргі уақытқа дейін көп балалы 15 ананы үй жағдайында ірімшік түрлерін пісіруге үйреттім. Өйткені, бізге қазіргі уақытта дұрыс тамақтану өте маңызды. Дұрыс тамақтану арқылы біз дені сау ұрпақ өсіреміз. Сондықтан, мен осы жолды таңдадым, – дейді Эльвира Мұқашева.

Сонымен, Ақмола облысында жалпы екі кезеңді қосқанда 50 адам кешенді оқытудан өткен. Бірінші лектің қатысушылары  Степногорск қаласында оқып, өткен жылдың соңында қажетті жабдықтарын алып, бүгінде табыс тауып жатыр.

– Экономикалық және әлеуметтік салаларды қамти отырып, әлеуметтік білім беру бағдарламаларын іске асыру, кез келген өңірдің дамуына оң ықпал етеді. Ақмола облысының тұрғындарын осы жобаға оқыту жергілікті экономиканы, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және өңіріміздің экономикалық әлеуетін арттыруға маңызды серпін береді, – деп атап өтті өз сөзінде Шолпан Рахматуллина.

Салтанатты шара барысында көпбалалы әкелер мен аналар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын «Асыл Аналар» және «Шебер әкелер» атты көрмеге қойып, алған білімдерімен, дағдыларымен бөлісті.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар