Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жүз жылдық мектеп шежіресін мұражайдан табасыз - АРҚА АЖАРЫ

Жүз жылдық мектеп шежіресін мұражайдан табасыз

Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар болса, мектеп тарихының да өзіндік тұнған сырлары бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс екенін түсінген мектеп директоры Мәдина Белгібайқызы Хасенованың бастамасымен тарих қойнауына енгелі отырған жүз жылдық тарихы бар №4 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында мектеп тарихынан сыр шертетін тарихи мұражай ашылды. Ұсынылған тарихи экспозияцияларда ұлағатты ұстаздар өмірі мен мектеп тарихынан қысқаша естеліктер жазылып, арнайы қабырғалардан орын алып,асқан талғаммен орналастырылған.

Мектеп мұражайының басты мақсаты – мұражайдағы тарихи құжаттар мен  жәдігерлер арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұстаздарға деген құрметке тәрбиелеу, оларға кәсіби қызметінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген адамдарды, мектептің жетістіктерін таныту, мектептің оқу-тәрбие  қызметіндегі бай тарихын уағыздау, түлектердің жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау, олардың өлке тарихына қызығушылығын арттыру. Білім ордасындағы мұражай оқушылардың жүрегіне ізгілік ұялататын, патриоттық сезімін оятып, зеректігін арттыратын үлкен тәрбие құралы.

Мұражайда мектептің тарихы мен оқу-тәрбие қызметін баяндайтын, осы мектепте еңбек еткен барлық ұстаздар мен мектептен түлеп ұшқан мыңдаған түлектері туралы мәлімет беретін, олардың осы білім ордасындағы қызметтері туралы естелік-сыр шертетін заттық, жазба жәдігерлер, фотоматериалдар жинақталған. Мектептің алғашқы ашылуы туралы дерек Ақмола облысының мұрағат материалдарынан табылды. 4-інші мектептің алғашқы меңгерушісі 1954 жылы Ленин орденімен марапатталған Дмитрий Федорович Семенов болды. 1939 жылы №4 бастауыш мектеп деп аталды, ал, 1944 жылы №4 мектеп жеті жылдық деп жарияланды, 1950 жылдан 1952 жылға дейін №4 әйелдер мектебі, 1952 жылдан №4 орта мектеп, 1956 жылданВалериан Куйбышев атындағы № 4 орта мектеп, 1959 жылы № 4 орта мектеп болып аталды.

Сонымен қатар, әр уақытта мектептің басшылығында болған Вострикова Идея Николаевна, Москвина Любовь Александровна, Шеварева Галина Николаевна, Мәлікова Гүлнәр Қайыргелдіқызы, Хасеинова Бибігүл Бекқызы және қазіргі мектеп директоры Хасенова Мәдина Белгібайқызы туралы мәліметтер ұсынылған.

10 жыл бойы 2002 жылдан 2012 жылға дейін мектепте «Біздің стиль» газеті жарық көрді, онда кез-келген адам мектеп жаңалықтары, мұғалімдермен және оқушылармен сұхбаттар, өз шығармашылықтарынан өлеңдер, эсселер, әңгімелер мен конкурстар және тағы басқа да материалдарды жариялай алатын еді. Мұның бәрі мектеп газетінің беттерінде болды, оның шығуын бәрі асыға күтетін. Енді газет мұрағаты мектеп кітапханасында сақталып, ал, кейбір көшірмелері витриналарда орналасқан.

Сонымен қатар, тарих беттерінен ойып орын алған тұлғалар да бар. Солардың бірі 1963 жылы ол күйеуімен бірге Дағыстаннан Көкшетауға келген Теңізбаева Хадича Халифовна Көкшетау қаласының №4 орта мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, Халық ағарту ісінің үздігі, педагогика саласының ардагері деген құрмет-қошеметке дейін жетті, ардақты ұстаз қазіргі уақытта 98 жаста.

Голубева Евдокия Акимовна – Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. 1960 жылы мектеп табалдырығын аттай отырып, 52 жыл еңбек атқарды. Қазір мұражайда бір кездері онымен бірге, жұмыс істеген суретші мұғалім Владимир Быстрицкий жасаған портретін мұражайға сыйға тарту еткен.

Қабырғада орын алған келесі экспозцияның әйгілі геолог ғалым, ҚазКСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті-Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналғанын көруге болады. Картамен жұмыс істеу және қосымша ақпарат алу үшін Сәтбаев туралы ақпараттық телеграм арнасына апаратын шағын QR-кодты орналастырылған. Мұнда 2018 жылы мектептің мұғалімдері С.В.Иванов пен А.К.Анешев ұйымдастырған Сәтбаевтың кен орындары бойынша АВТО экспедиция туралы ақпаратпен танысуға болады. Ұсынылған құнды тарихи мұралар мен жәдігерлер келген ардагер ұстаздар мен мектеп ұстаздарына және оқушыларына ой саларлықтай болды.

Мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында  мұражай материалдарын пайдаланып, «Ғасыр белесіндегі мектеп» атты мектеп тарихын баяндайтын ерекше сабақтар мен, түлектер кездесуін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Мектеп мұражайы қызметінің келесі бағыты құжаттарды жинақтау, экспозицияларды орналастыру, мұражай қорын толықтыру,өңдеу,құжаттау, заттық деректер жинау, оларды ғылыми түрде жүйелеу, халық арасында сақталып қалған жәдігерлерді жинастыру, оларды есепке алу, сақтау сияқты ағымдағы жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Бұл жұмыспен айналысатын көркем еңбек пәнінің мұғалімдері: Стародуб Наталья Алексеевна, Дермановская Ольга Борисовна, Врублевский Александр Иософович, тарих пәнінің мұғалімі Кузьмина Юлия Федоровна, география пәні мұғалімі Тарасевич Марина Николаевна және мұражай жетекшісі Терентьева Ирина Михайловналардың еңбегінің де зор екенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, мектеп мұражайын мектебіміздің төлқұжаты, қасбеті десек те болады. Мектепке келген кез-келген қонақтар, басқа білім беру ұйымдарынан келген әріптестер мектеппен танысуды мұражайдан бастайтыны мәлім. Белгілі бір жүйелілікпен, бірізділікпен, эстетикалық көркемдікпен, әсем дизайнмен жасақталған мұражай мектеп туралы жағымды көңіл-күй сыйлайтыны анық. Осылайша жас ұрпақтың бойында отбасы, ата-ана, мектеп, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыруды, туған өлкенің тарихына, еліміздің өткені мен бүгініне құрметпен қарауды, адамгершілік-эстетикалық мәдениеті жоғары, ой-өрісі биік азаматтар мақсат еткен мектеп тарихы мұражайы «№4 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесінде өз жұмысын бастап кетті.

Сондықтан да, мектептің тарихи мұражайы бір ғасырлық білім ордасының өзіндік айнасы екенін осыдан да анық көруге болады.

Нұрсәуле МҰРАТ,
№4 жалпы орта білім беретін мектеп директорының
ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.

 Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар