Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір отбасының балалары бір-бірімен қайта табысты - АРҚА АЖАРЫ

Бір отбасының балалары бір-бірімен қайта табысты

Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Аналар үйі» ресурстық орталығының үйлестірушісі Құралай Жұмабекова көпбалалы отбасына қайта қосылуға көмектесті.

Бұған дейін ол әлеуметтік желілердегі жазбаларының бірінде анасы ата-ана құқығынан айырылған кәмелетке толмаған төрт баланың өміріндегі қиын жағдай туралы баяндаған болатын. Балалар әртүрлі мемлекеттік мекемелерде тұрып жатқан еді.

Жуырда депутат Целиноград ауданы Ақмол ауылында тұратын осы балалардың әжесімен кездесті. Ауданның мемлекеттік органдарымен бірлесіп, Құралай Ғабдулғамарқызы кәмелетке толмағандарды қамқорлыққа алуға қол ұшын берді.

–Біз әртүрлі мекемелерге таралған балаларды жинап, отбасына қайта қосылуға көмектестік. Алдымен, Щучинск қаласының балалар үйінен екі жасар баланы алып кеттік, содан кейін жол Ақкөл отбасын қолдау орталығына (бұрынғы Ақкөл балалар үйі) түсті, онда басқа екі бала болды. Олардың үлкен 17 жасар әпкесі Степногорск қаласының «Жастар» жасөспірімдер үйінен әкелінді. Әпкесі мен бауырларының әсерлі кездесуін көріп, бәріміз көз жасымызды ұстай алмадық. Олар құшақтасып, шын жүректен қуанып, әжесімен бірге көптен күткен кездесудің қуанышынан жылады.Қазір отбасы Ақмол ауылындағы жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. Әжесі жақын жерден жұмыс тапқанға және кәмелетке толмаған балаларды қамқорлыққа алғаны үшін мемлекеттен жәрдемақы алғанға дейін бұл балалар көмекке мұқтаж. Қазіргі уақытта пәтерде тұру және азық-түлік сатып алу үшін, кем дегенде бір айлық төлемге көмек-қолдау қажет. Целиноград ауданының әкімдігі мен мемлекеттік органдары бұл игі істен  шет қалмайтынына және бұл отбасына міндетті түрде көмектесетініне сенім мол, – деп ой бөлісті Құралай Жұмабекова.

Депутаттың айтуынша, бұлотбасының тарихы «Бақыттымын отбасымда!» атты айдармен «Көкшетау сегодня» газетінде, сондай-ақ, kokshetoday.kz сайты мен akmolinform.кz ақпараттық порталында жарияланады. Бұл айдар патронаттық тәрбиемен қамтылған балалардың өмірінен сыр шертеді. Бұл ретте:

–Әр бала отбасында тұруы керек! Егер балаларда биологиялық отбасы болмаса, оларға сүйіспеншілік, үйлесімділік және өзара түсіністік орнаған отбасыларды табуға көмектесуіміз керек! – деп қорытындылады өз сөзін депутат.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар