Жылдармен жазылған қала шежіресі

1944 жылы 15 наурызда КазССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы республика құрамында орталығы Көкшетау қаласы болып саналатын Көкшетау облысының құрылғаны туралы қаулы қабылдады. Оның құрамына СолтүстікҚазақстан облысынан Айыртау, Келлер, Қызылту, Көкшетау, Красноармеец, Чкалов аудандары және Ақмола облысының құрамындағы Арықбалық, Зеренді, Рузаев, Щучье, Еңбекшілдер аудандары кірді.

Осылайша халқымыз үшін қиын-қыстау жағдайда, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің бұрынғы Көкшетау облысы құрылды. Облыстың 1997 жылға дейінгі тарихында өңір тұрғындарының өмірінде жаһандық өзгерістер орын алды. Бүгінде негізі қаланғанына 200 жыл толып отырған, Ақмола облысының саяси, экономикалық және мәдениорталығына айналған Көкшетау қаласының өзінің ауқымы мен маңызды міндеттерді шешуі жағынан рөлі  ерекше.

Кешегі Көкшетау облысы алып жатқан аймақта16-18 ғасырларда негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған және көшпелі өмір салтын құрған Орта жүз қазақтары мекендеді. Хан билігі үшін таласқан сұлтандар күресі мен ішкі дау-дамайдан жүдеген қазақ жері Ортаазиялық және манчжур басқыншылары үшін оңай олжаға айналды. Олар ұдайы жақсы жайылымдарды тартып алып, халықты тонады және малды айдап әкетіп отырды. Әсіресе, жоңғарлардың басқыншылық шабуылдары 18 ғасырдың 20-шы жылдары жиілеп кетті. Бұл жылдар қазақ халқының тарихында «ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» деген атпен белгілі.

18-ші ғасырдың бірінші ширегінің соңында Орта жүздің территориясын жоңғарлар түгелдей дерлік басып алды. Экстенсивті мал шаруашылығы жағдайында көшпенділердің басып алу қаупінен құтылудың бірден-бір жолы  солтүстік көршілермен Ресеймен одақтасу екені белгілі еді. Себебі қазақ пен орыс халықтарының ықылым заманнан бергі сауда және мәдени байланыстары болатын. 1731 жылы Орта жүз ханы Семекеорыс патшасына адал болу антын өз еркімен қабылдады. 1822 жылы «Сібір қырғыздары (қазақтар)туралы нұсқау қабылданды, ол бойынша Орта жүз территориясы 8 округке бөлініп, Омбы облысының құрамына енгізілді.

1824 жылы подполковник Антон Григоровский бастаған экспедиция Қопа өзеніне ірге тепті. Оның міндетіне жақын жатқан жерлерден округ құру, бұйрығын жүзеге асыру және онда күзет қызметіндегі казактар бөлімін ұстау мәселесі кірді.Көкшетау тауының атауымен әкімшілік(приказ),мемлекетті басқарудың жеке әкімшілік мекемесі –16-17 ғасырларда солай аталған, яғни, казактар станицасы құрылды.

Әрі қарай қазақтар жаңа билікке құрметпен қарайды, барлық мәселелер бойынша приказға барады делінген. Сөйтіп, 200 жыл бұрын Көкшетау Сібір бойының алдыңғы бекінісі, сол кездің атауымен форпосты) болды. Көкшетау горнизоны 301 казактан және 33 штаттық шенеуніктен тұрды. Жақсы жайылымдар мен құнарлы жерлер  егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына жағымды ықпал етті. Бірінші көктемде-ақ 517 десятин көлеміндегі жерге дән егілді. Орыс қоныс аударушыларының ықпалымен казақтар да отырықшылық пен егіншілікке көше бастады. 1840-1850 жылдарыорыс қоныстарын құру үшін Көкшетау приказына Саратов, Харьков, Пермь және басқа губернияларының шаруалары қоныс аударылды. 1850 жылдың өзінде Көкшетау приказында 63667 тұрғын болған. Осы уақытта приказда 5 ауыл, 14 қазақ болысы, 24 пошта, 3 мешіт, 1 православие шіркеуі болған.

1868 жылы уезді әкімшілік басқару орталығына қала мекені құқығы берілді.Көкшетау приказында егіншілік тез дамыды. Қазақкөшпенділері отырықшылық пен егіншілікке көптеп ауыса бастады. Олар қысқа шөп әзірледі, шөп шапқыш машиналар мен басқа да ауыл шаруашылығы еңбек құралдарын ала бастады.

Диқаншылық мәдениетін енгізуде ауылшаруашылығы көрмелерін өткізудің рөлі өте зор болды. 1914 жылы өткен 9 көрмеде  699 экспонаткөрсетілді. Бірақ, ол ауыл шаруашылығын жүргізуді жақсарта алмады.  Егіншілік пен малшаруашылығының қарапайымдылығы мен төмен мәдениеті, сондай-ақ, қатаң климат жағдайы ауыл шаруашылығына көп шығын мен ауыр зардаптар әкелді. Уездің өнеркәсібі жергілікті шикізатты өңдейтін ұсақ шеберханалардан тұрды. Олар пима басу, тері илеу, қой терісінен істелген тұлып  тігу,май шайқау, бу және жел диірмендері, сонымен бірге, ұста және ағаш ұсташылық шеберханалары болды.Бұл кезге қарай уездің территориясында бірқатар ірі кәсіпорындар пайда болды. Мәселен, Володаровка селосындағы Харламовтың сіріңке фабрикасы, Айдаболдағы спиртзаводы, сондай-ақ Көкшетау қаласындағы Петуховтың шеберханасы және Степняк поселкесі маңындағы алтын кеніштері. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Көкшетауда екі ғана оқу мекемесі болды, онда 293 адам оқыды, ол болса, тұрғындар санының 8,5 пайызын ғана қамтыды. Уезде барлығы бес дәрігер жұмыс істеді.1914 жылы оспа, тиф, цинга тәріздес қауіпті аурулар белең алды.Патшаның озбырлығы, Ресей империясының шет аймақтарындағы халықтарды, орыс пен қазақ еңбекшілерін көзсіз қанауы Көкшетау уезінің тұрғындарын патшалық самодержавияға қарсы күреске тартты.1905 жылғы 25 маусымда Көкшетау қаласындағы Михайло-Архангельскі көшесіндегі солдаттар казармасының жанынан «Жалпыға бірдей стачка»атты үндеу табылғаны жеткізілді, ал 24 тамызда Омскідегі жандарымдар басшылығына  кім лақтырғандығы белгісіз.РСДРП-нің  Сібір комитетінің үндеулері табылғаны хабарланды. Патшаға қарсы күрестің көшбасшылары В.Куйбышев, И.Шевелев, Д.Карагаев болды. Тарихта В.Харитонов пен М.Сердалиннің аттары қалды. 1917 жылғы 27 ақпанда Көкшетаудағы сібір казак полкінің атаманы патшаның құлағаны туралы телеграмма алды. 1917 жылғы 11 наурызда қалада солдат комитеті құрылды. Большевиктік пиғылдағы қазақ интеллигенция өкілдері саяси уақиғалардың мәнін тұрғындарға түсіндірді, олардың ішінде Сабыр Шәріпов, Әбілқайыр Досов және басқалары болды. 1917 жылы Көкшетау Кеңесі қала мен уезде барлық биліктің Кеңес үкіметінің қолына өткенін жариялады. 1918 жылы 10 қаңтарда Көкшетау Кеңесі ЖОАК-қа (ВЦИК) телеграмма соғып өздерінің түгелдей дерлік Кеңес билігі жағында екенін жеткізді. Осыған байланысты Көкшетау қаласының шенеуніктері саботаж жариялады, олар жұмысқа шықпады, Кеңес үкіметі органдарының бұйрықтарын орындамады. Бірқатар жерлерде қарулы қарсылықтар көрсетіліп, 1918 жылы 2 маусымда Көкшетау қаласындағы Кеңес билігі құлатылды.

Дегенмен, Қызыл армия Сібірдің ішіне бойлай еніп,  тез әрекет жасады. Қазан айының басында  Қостанай алынды, Оренбургтің ақ армиясы Атбасар арқылы Ақмолаға шегінді. Оларды қуып келе жатқан 5-ші армияның 54 дивизиясының бөлімшелері 12 қарашада Көкшетау қаласын да азат етті.

Кеңес билігі орнағаннан кейін уезд тұрғындарының материалдық-өндірістік, сондай-ақ, мәдени өмірлерінде түпкілікті өзгерістер орын алды. Кейін халық қаншама өзгерістерді бастан кешті. Соның ішінде екінші дүниежүзілік соғыстың отты жылдары ерекше орын алады. Одан соң  біздің өңірді тың эпопеясынәрі қарай дамытты.

1999 жылы 8 сәуірде № 114  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшіліктік-аумақтық орталығы болды. 1897 жылғы Жалпыресейлік санақ бойынша Көкшетауда 5 мың тұрғындары бар 500 үй болған. Ал, арада 103 жыл өткенде 2000 жылдың 1 қаңтарында қалада 123,4 мың адам тұрды, бұл облыс тұрғындарының 15,1 пайызы еді. Ал, қазір бұл көрсеткіш анағұрлым өскені айдан анық болып отыр. Соңғы деректер бойынша бүгінде Көкшетау мен оның іргесінде 192 мың адам тұрады. Егемендігіміздің арқасында облыс тұрғындарының саны дақазіргі күні 788,7 мың адамға жетті.Тұрғындардың 56,2 пайызы қалаларда тұрса (443,5 мың адам), 43,8 пайызы елді мекендерде тұрады. Облыстың әкімшілік территориясы 146,2 мың шаршы шақырымды құрайды. 14 аудан, 10 шағын қала, 594 ауылдық округ облыс әлеуетін айқын аңғартады.

Қала тарихы, біздің облысымыздың тарихы сияқты көптеген тарихи оқиғаларға бай. Биылғы жылғы мерейтойларды атай отырып, кім өзінің халқы, елі, туған қаласы үшін аянбай еңбек етіп, өнегелі өмір сүргенін, кім бақытты болашақ үшін шыбын жанын аянбай, өмірін қиғанын жақсы аңғарып, бас иеміз.

Қуандық БЕКІШЕВ,
Абай Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетініңаға оқытушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар