Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алдын алу өз қолымызда - АРҚА АЖАРЫ

Алдын алу өз қолымызда

Туберкулез микобактериялардың әртүрлі түрлерінен, әдетте, туберкулез микобактериясынан (Кох таяқшасы) туындаған әлемде кең таралған адам мен жануарлардың жұқпалы ауруы. Туберкулез микобактериясын 1882 жылы 24 наурызда неміс микробиологы Роберт Кох ашты, ал, 1993 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні болып жарияланды.

Микобактериялар қоршаған ортада өте ұзақ сақталады. Сонымен, ылғалды және қараңғы жерде 23°C температурада ол 7 жылға дейін сақталады. Қараңғы және құрғақ жерде (науқастың қақырығы құрғаған кезде немесе шаңда) туберкулез микобактериялары 10-12 айға дейін, көше шаңында (яғни, құрғақ және жарық жерде) Кох таяқшасы 2 айға дейін, кітап беттерінде 3 айға дейін, суда 5 айға дейін сақталады. Топырақта туберкулез микобактериялары 6 айға дейін, шикі сүтте 2 аптаға дейін, май мен ірімшікте бір жылға дейін сақталады. Ультракүлгін сәулелер оларға зиянды әсер етеді: тікелей күн сәулесі кезінде 3-5 минут ішінде жойылады. Туберкулез таяқшасықайнаған суда 3-5 минуттан кейін жойылады.

Туберкулездің дамуына қандай факторлар ықпал етеді?

  • Нашар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар (жиі ылғалды, шаңды, желдетілмейтін бөлмелерде болу; науқас адаммен үнемі қарым-қатынаста болу).
  • Шамадан тыс жұмыс, дұрыс тамақтанбау, стресс.
  • Ұзақ уақыт бойы темекі шегу.
  • Созылмалы аурулар: ең алдымен – өкпе аурулары, қант диабеті, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, алкоголизм, нашақорлық.
  • Иммун тапшылығының әртүрлі жағдайлары, әсіресе, адам иммундық тапшылық вирусы және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы.
  • Инфекция көзі және инфекция жолдары.

Инфекция көзі туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адам немесе ауру жануар болуы мүмкін. Туберкулезбен ауыратын бір адам жылына ол ауруды орта есеппен 10 адамға дейін жұқтыруы мүмкін.

Инфекция әртүрлі жолдармен жұғуы мүмкін.

  • Ауа-тамшы жолы арқылы – туберкулезбен сырқат адам түшкірген, жөтелген немесе онымен сөйлескен кезде жұғады.
  • Ауа-шаң жолы арқылы – науқастың қақырық бөлшектері денісауадамныңденесінешаң арқылы түседі.
  • Тұрмыстық байланыс жолдары – зақымдалған тері мен шырышты қабаттар арқылы инфекцияның ағзаға енуі.
  • Азық-түлік арқылы – туберкулезбен ауыратын малдан (сүт және ет өнімдері) тамақ өнімдерін пайдаланған кезде. Бұл жол өте сирек кездеседі.

Туберкулездің алғашқы белгілері:

  • Тез шаршаужәнежалпы әлсіздіктің пайда болуы.
  • Тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, салмақ жоғалту.
  • Жоғары тершеңдік, әсіресе,т аңертең, көбіне дененің жоғары бөлігінде.
  • Аз физикалық күш салу кезінде ентігудің пайда болуы.
  • Дене қызуының шамалы, сезілмейтін жоғарылауы, 37,2-37, 8°С дейін.
  • Жөтелдің ұзақтығы (мүмкін қан аралас).

Ересектердегі туберкулездің алдын алу.

Ересек жастағы туберкулездің алдын алу жыл сайынғы диспансерлік бақылау және ауруды ерте сатысында анықтау болып табылады. Туберкулезді ерте сатысында анықтау үшін ересектер жылына кемінде бір рет емханада флюорографиялық тексеруден өтуі керек (мамандығына, денсаулық жағдайына және әртүрлі қауіп топтарына жататындығына байланысты). Бұлжасырынаурудыболдырмауүшін, салауаттыөмірсалтынұстану үшінкерек. Туберкулездің алдын алуға, сондай-ақ, дұрыс тамақтану, жаман әдеттерден бас тарту, дене шынықтыру, спортпен шұғылдану кіреді.

Зарина БЕКТЕМІРОВА,
дәрігер эпидемиолог.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар