Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Наурыз шапағаты» көңілдерді шаттыққа бөледі - АРҚА АЖАРЫ

«Наурыз шапағаты» көңілдерді шаттыққа бөледі

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Наурыз мерекесіне орай, «Достар» мәдениет үйінде облыстық «Наурыз шапағаты» атты заманауи сән үлгісіндегі  ұлттық  киімдер көрсетілімі байқауын және  «Ел іші – өнер кеніші» атты көрме ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараның мақсаты, атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық киімдердің үлгісін көрсету, салт-дәстүрлерді жастарға дәріптеп, насихаттау болып табылады. Байқаудың тағы бір ерекшелігі, ағымдағы жылы белгіленген «Наурызнама» он күндігіндегі ұлттық киім бөлімінің маңыздылығын арттыруда көзделген. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын байқауға Бұланды, Сандықтау, Зеренді, Шортанды, Бурабай аудандары және  Станционный кенті мен Көкшетау қаласының өнерпаздары қатысып, сайысқа түсті. Мәдени шараға Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Қылышбаев қатысып, алғы сөзімен шара шымылдығын ашты.

– Көктің тынысын тыңдап, жерден тамыр тартқан тұрмыс-тіршілікті табиғат анамен байланыстырған халқымыз, Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған. «Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді», деген сөздің астарында үлкен мән жатыр. Наурыз тек күнмен түннің теңеліп, тіршілік атаулыға жан бітетін мейрам емес, бірлік пен еңбектің, мейрімділік пен ізгіліктің, достық пен татулықтың мерекесі, – деген Жандаәлет Төлепбергенұлы мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, сайысқа «Достар» мәдениет үйі директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Әсем Ыбраева, облыстық ішкі саясат басқармасының Тілдерді  дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова, облыстық «Әйелдер күштері альянсының» төрайымы Анар Мұхамедрахимова, «Әкелер кеңесінің» төрағасы Ерлан Закирьянов, «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша филиалының аға әдіскері Маржан Қалижанова қазылар алқасы ретінде қатысып, сайыскерлерге төрағалық етті. Байқау барысында қатысушылар заманауи сән үлгісіндегі ұлттық киім түрлерін ұсынып, әшекей бұйымдардың неше түрін көрсетті. Онда үміткерлердің сахнада өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениеті, киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуына баса назар аударылды.

Сонымен бірге, 3 кезеңнен тұратын бұл сайыста әр ауданның өкілдері ұлттық киімді қазіргі сән үлгісінде көрсетіп, дайындаған тұсаукесер, қойылымдарын ұсынды. Және де, қазақ халқының салт-дәстүрлері тақырыбындағы  арнайы сұрақтарға жауап берді. Бұл кезеңде әр ауданның үштен ұяшық таңдауға мүмкіндігі болды. Соңғы кезеңде, қатысушылар жекеөнерлерін паш етіп, әрүрлі аспапта ойнап, ән шырқады.

Шара соңында қазылар алқасы барлық қатысушыларды жинаған ұпайлары бойынша қорытындылап, өнерпаздарды Алғыс хаттармен және тоуарлық сертификат, сыйлықтармен марапаттады. Наурыз мерекесіне арналған игі шараның соңы концерттік ән-шашуға ұласты.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажараның» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар