Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдар су тасқынында қалмасын деп... - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдар су тасқынында қалмасын деп…

Күн жылынып, көктем келе, өңірлерді әуреге салатын бір қауіп – су тасқыны. Осы себепті, бүгінгі таңда барлық елді мекендерде қар шығару, өзен, арықтардың арналарын аршу жұмыстары жалғасуда. Облыс, аудан бюджеттерінен қаржы бөлініп, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жұмыс күштері, техникалар дайындалуда.

Осы орайда, өңірлік коммуникациялар қызметінде Зеренді, Целиноград, Ерейментау аудандарының су тасқынына дайындығы туралы брифинг өтті.

Зеренді ауданы аумағында су тасқыны кезеңінде, су басу қаупі ықтимал бес елді мекен, Шағалалы, Тройцк, Айдабол, Алеексевка, Ивановка ауылдары анықталған. Қауіп себебі, Шағалалы, Қылшақты өзендерінің тасуы мен еріген қар суы деңгейінің көтерілуі мүмкін.

– Ағымдағы жылы еріген қар суын апатсыз өткізуге дайындық бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуге жергілікті атқарушы органның резервінен 22,8 миллион теңге бөлінді.  Ауданның елді мекендерін  және аудандық маңызы бар көлік жолдарын қардан тазарту және оларды шығаруға жиырма мың литр дизель отынын сатып алу үшін жергілікті атқарушы органның резервінен қосымша 9 миллион теңге бөлінді, – дейді аудан әкімінің орынбасары Асхат Ахмедьянов. Аудан аумағында төрт гидротехникалық ғимарат орналасқан. Бұл Айдабол, Алексеевка, Ивановка, Подлесный бөгеттерінің жағдайы қанағаттанарлық күйде, төндіріп тұрған қауіптер жоқ екеніне сендірді әкім орынбасары.

– Ауданда ағымдағы жылдың 10 ақпанынан бастап су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды.Қардың көп мөлшерде түсуімен және топырақтың жоғары ылғалды қорына  байланысты, аудан әкімдігі су тасқыны кезеңінің жағымсыз  салдарын болдырмау үшін шаралар қабылдады. Қазіргі таңда ауданның елді мекендерінен он мың текше метр қар шығарылды.  Жалпы ұзындығы 4,8 шақырым он сегіз арна, 2,3 шақырым он арық, аудандық маңызы бар автокөлік жолдарындағы сексен бес су өткізу құрылғысы  тазаланды. Және 1400 дана қапшық, мың тонна инертті материал, жиырма мың литр дизель отыны, бір мың литр бензин дайындалды.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезеңінде тамақтануға 28,  арнайы техниканың қызмет көрсетуіне 27, ассенизаторлық техниканың қызмет көрсетуіне сегіз меморандум жасалған. Төтенше жағдайлар аймағынан адамдарды эвакуациялауға жалпы білім беретін мектептерде 22 қабылдау эвакуациялық пункті дайындалып, ауданның су тасқыны кезеңіне әзір етілді.

Целиноград ауданына келетін болсақ, 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Оған алты елді мекен, атап айтқанда, Қоянды, Шұбары, Арайлы, Нұресіл, Өтеміс, Софиевка және жергілікті, аудандық маңызы бар екі жол бойынша он бес іс-шара кірген.

– Осы іс-шаралар шеңберінде жалпы ұзындығы 1800 метр су өткізу арналарын тереңдетіп, тазарту, сексен метр жер білігін нығайту, 26 су өткізу құбырын орнату іске асырылды. Инженерлік қорғау жоспарынан тыс, жол-жөндеу жұмыстарын орындау барысында ауыл тұрғындарының пікірлері ескеріле отырып, тоқсан екі  су өткізгіш қондырғы орнатылды, – деді баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Серік Оспанов. Аудандық бюджетте төтенше жағдайлардың алдын алуға 37 миллион және шұғыл шығындарға арналған резервке100 миллион теңгекөзделген.Су тасқынына дайындық аясында ауданда елу мың тоннаға жуық инертті материалдар, жетпіс тонна көлемінде жанар-жағармай материалдарын сатып алуға арналған конкурстық рәсімдер, бес мың дана қап, инженерлік біліктерді қуыс толқындардың әсерінен нығайту және қорғау үшін алты орам целлофан, жетпіс қысымды жең, он бес мотопомпа дайындалған.

Сонымен бірге, жағдай қиындаған уақытта коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері қатарынан елу бір адамнан тұратын шұғыл көмек жасағы, 62 коммуналдық техника, 34 су айдау құралы қамтылған. Ал, халықты уақытша орналастырудың сегіз эвакуациялық қабылдау пункті және он бес ауылшаруашылығы жануарларын қамау орындары анықталған.

Ал, Ерейментау ауданының аумағында су тасқыны болуы мүмкін он бір елді мекеннің аты аталған. Олар Ерейментау қаласы, Қызылту, Бестоғай, Байсары, Селеті, Новомарковка, Еркіншілік, Олжабай батыр, Елтай, Үленті, Ажы қатарлы ауылдар 397 тұрғын үй және 1709 халықты қамтиды. Ауданда«Аудандық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» бағдарламасы бойынша 2024 жылға аудан әкімінің аппаратынан 121 миллион теңге бөлінсе, оның ішінде, төтенше шығындарға отыз бір миллион, көше жол желілерін қыс мезгілінде таза ұстауға қырық миллион,қар шығаруғаелу миллион теңге қарастырылған.

– Ерейментау ауданындағы су тасқыны мен тасқынның ықтимал зардаптарын жоюға жұмылдырылған күштер мен құралдар дайындалды. Құрамы тоқсан адам. Жабдықтардың жалпы саны жиырма үш. 19 техника бар. Бүгінгі күні аудан әкімдігімен сегізтонна жанар-жағармай, 2,5 мың дана қап,  үш жүз тонна инертті материал, үш жүз дана көлемінде құрғақ рацион сатып алынды. Ауданның елді мекендерінен 13,2 мың текше метрқар шығарылды. Он үш эвакуациялық пункт дайындалып, ең қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек қоры жасалды. Медициналық қызметауыр науқастар мен жүкті әйелдерді күнделікті бақылауға алды, – дей келе, аудан әкімінің орынбасары Баттал Ыбыраев, су қоймалары туралы айтып өтті.

Ауданда төрт гидротехникалық құрылыс тіркелген. Олар Сілеті су қоймасы, Шымбұлақ, Үленті, Бәймен бөгеттері. Есіл бассейндік инспекциясының 2023 жылғы жүргізген барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша Баймен бөгетінің қанағаттанарлықсыз жағдайда екені анықталған. Ағымдағы жылдың 27 ақпаны Есіл бассейндік инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, Баймен және Сілеті су қоймаларының бөгеттеріне комиссиялық визуалды тексеріс жүргізіліп, тиісті бақылау жүргізілген.

Аудан аумағында қыс мезгілінде импровизацияланған қалқанмен жабылатын облыстық маңызы бар жолдарда барлығы тоқсан су өткізгіш құбыр мен бес көпір бар. Қазіргі уақытта арық жүйесін тазалау жұмыстары басталғаны айтылды. Аудандардағы тасқын суды кедергісіз өткізуге дайындық жұмыстары ерекше бақылауда болады деп сенім білдірді жауапты орындардың өкілдері.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажараның» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар