Ата жолы – ақ бата

Әр халық өзінің ұлттық құндылықтарымен ерекшеленеді. Оның қатарында ақ бата да бар.

Осылай әрбір ел мүмкіндігінше әлемге танымал болады. Бұл біздің ұлтқа да тән қасиет.

Қазақта салт-дәстүрлер өте көп. Олардың әрқайсысының өз маңызы бар. Қазақ халқының ежелден келе жатқан өзіндік орны зор дәстүрінің бірі – бата беру.

Бата беру – қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданысқа ие болып, ескірмей келе жатқан, әрбір ас ішкен сайын міндетті салттың бірі. Бұл дәстүр – тәрбиенің де бастауы. Себебі, қазақ қандай да бір істі бастамас бұрын үлкендердің алғысы мен батасын алған. Ал, мұны көріп өскен жас ұрпақ та ертеңгі күні соны қайталап, ата дәстүрге адал болады.

Халқымыз осы ретте,«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас», «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтпаған.

Наурызнама онкүндігі аясында Ақмола облысының әдебиет және өнер музейінде «Ақ бата – асыл қасиет» атты батагөйлер байқауы өтті. Онда ел ақсақалдары Наурыз бата беріп, көпшілікті Ұлыс күнімен құттықтады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар